
Massaget.kz - Жаңалық пен пайдалы ақпараттар
3.3K subscribers
About Massaget.kz - Жаңалық пен пайдалы ақпараттар
Елдегі жаңалықты бізден оқы🙌🏼
Similar Channels
Swipe to see more
Posts

*Былтыр Қазақстанда 202 адам жұмыс орнында қаза тапты* 445 мыңнан астам жұмыс орны әлі де зиянды және қауіпті ретінде жіктеледі. Еңбек тәуекелдерінің картасы енгізілгеннен бері тәуекел деңгейі жоғары кәсіпорындар саны 2 589-дан 1 799-ға дейін қысқарды. Massaget.kz


*ҰБТ: талапкерлердің 74%-ы қазақ тілін таңдады* ҰБТ басталғаннан бері 164 мыңнан астам тестілеу өткізілді. Талапкерлердің 74%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде және 136 адам ағылшын тілінде тапсырған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті. Massaget.kz


*Мыңдаған тұтқын бостандыққа шығуы мүмкін: Мәжіліс амнистия туралы заңды қабылдады* 6 мың тұтқын, 9 мың пробацияда тұрған адам, яғни, барлығы 15 мың адам амнистияға ілігеді. Барлығы 4,1 мың адам босатылады. Сонымен қатар, 11 мың адамға жаза мерзімін қысқарту қолданылмақ. *Кімдерге рақымшылық жүрмейді?* - аса қауіпті қылмыс жасағандар; - сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар; - зорлық-зомбылық, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, мемлекеттік құпияны жариялау бойынша айыпталғандар. Massaget.kz


*Қарағандыда үш жасар бүлдіршін үшінші қабаттан құлап кетті* Оқиға Қарағанды қаласының 19-шағын ауданында болған. 2022 жылы туған бала ас үйде ашық тұрған терезенің жанында ойнап жүріп, құлап кетті. Бүлдіршін ауруханада көз жұмды. ТЖД ата-аналарға балаларды ешқашан қараусыз қалдырмауды, москит торларына сенбеуді ескертеді. Massaget.kz


*Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді* Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштер жоғары қолбасшылығының алдында тұрған басым міндеттерді атады. Басқару және әскери органдар құрылымын жетілдіру, әскери қызмет институтының резервін қалыптастыру, Арнайы операциялар мен аумақтық қорғаныс күштерін дамыту шараларын жүзеге асыру жүктелді. Президент сарбаздың өмірі мен денсаулығын сақтауға барлық деңгейдегі қолбасшылықтың жауапты екенін айтты. Massaget.kz


*Шымкентте психдиспансердегі зорлау оқиғасы: сот үкім шығарды* Психоневрологиялық диспансердің *екі санитары* зорлау дерегі бойынша кінәлі деп танып, *әрқайсысы 15 жылға* бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің әрқайсының пайдасына 10 миллион теңгеден моральдық өтемақы өндірілді. Осы оқиға туралы Massaget.kz дайындаған репортажды көріңіз. https://youtu.be/5Dqw_Ka35S4?si=sTh8FENfOOj4WaDp Massaget.kz


*“Қазпоштаның“ жаңа басшысы тағайындалды* Бекежан Жәкеев "Қазпошта" басшысы болды. Бұған дейін бұл лауазымды 2022 жылғы қазаннан бастап Әсел Жанасова атқарған болатын. Биылғы 8 маусымда ол Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 2024 жылғы қыркүйектен бастап Бекежан Жәкеев "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" ҰАО басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Massaget.kz


*Бишімбаев рақымшылыққа іліге ме – Бас прокуратура жауап берді* Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиевтің айтуынша, адам өліміне алып келген қылмыскер рақымшылыққа ілікпейді. Еске салайық, Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған. Massaget.kz


*Қазақстанға бір жылда 15 миллион 300 мың турист келген* Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. 87 елдің азаматы Қазақстанға визасыз, тағы 107 елдің азаматы электронды визамен кіре алады. Әуе қатынасы кеңейіп келеді. «Ашық аспан» саясатының арқасында өткен жылы 22 жаңа маршрут іске қосылған. Massaget.kz


Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық шекті мөлшерлеме қайта қаралды. Енді ол жылына 20 пайыздан аспауы тиіс. Бұған дейін бұл шек 25 пайыз болған еді. Тиісті шешімді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бірлесіп қабылдады. Massaget.kz
