
Нақышбанд Тәриқаты ● Сопылық ● nvrislam.net
68 subscribers
About Нақышбанд Тәриқаты ● Сопылық ● nvrislam.net
Нақышбанд Әлия Тәриқаты ● Сопылық ● Руханият ● Нұрислам ● نۇريسلام Insta: @nvrislami Web: nvrislam.net Tel: t.me/nvrislam
Similar Channels
Swipe to see more
Posts

ӘУЛИЕНІ МАЗАҚ ЕТЕМ ДЕП, КӘПІР БОЛЫП КЕТКЕН ҒҰЛАМА бағдаттық әйгілі әулие абдул қадір ғейлани хазіретпен түркістандық қожа Ахмет яссауи хазірет замандас дос болды. Ол екеуі жас кезінде сол дәуірдегі ең әйгілі әулие Юсуф Хамадани хазіреттен бата алмақ болып жолға шықты. Оларға асқан білімді ғұламалар да ере барды, олардың ішінде біліміне сеніп тәкаппарланған бағдаттық бір ғұлама, 'мен ол әулиелеріңнен мына сұрақты сұраймын, ол жауап бере алмайды' деп мысқылдады. Ал ғұламаның бір досы оған байқап сөйлеуді ескертті, ол қоймады, әулиеге зор құрметсіздік көрсетті, Алла бұны әулиеге білдірді. Ал екі хазірет, 'бізде еш сұрақ жоқ, біз тек Хаманади әулиенің батасын алсақ болды, сол жетеді' десті. Ал олар жеткенде, Юсуф Хамадани хазірет манағы ғұламаны шақырып, 'сенің сұрағың мынау, жауабы мынау, Алла саған ашуланама деп қорқам' дейді, ал ғұлама оның ішіндегі сұрағын айтқызбастан айтып, жауап бергеніне қатты таңғалды және шошып кетті. Хамадани хазірет әбдул-қадір хазіретпен қожа Ахмет яссауи хазіретке батасын беріп, берекеге бөлейді, ықласын төгеді. Ол екеуі кейін дүниеге әйгілі әулиелер болды. Юсуф Хамадани хазірет жалали әулие еді, демек кім оған құрметсіздік етсе, Алла оған ашуланып иманын алып кетеді, оны қарғайды. Манағы ғұлама, 'түк болмайды' деп, елдеріне қайытты, кейін оларға рум христан патшадан елші келді, ал манағы ғұлама олармен бірге христан еліне мәлім шаруаға жіберілді. Ал онда барғанда, оның көзі патшаның зинадан туған қызына түсіп, басы айналды, өлермен ғашық болды, бермесең өлем деді. Ал патша оған, 'сен онда исламнан шық, христан бол' деді, ол дереу мақұл болды, кәпір болды, қызды алды. Бір күні Алла оған өте жаман ауру жіберді, оның бүкіл денесі іріңдеп, қарауға мүмкін болмады, одан дәреттен сасық иіс шықты. Патша шыдамай оны қыздан ажыратып, басқа қаланың көшесіне апартып тастады, ол көше бағып, қайыршы болды, көрген елдің бәрі одан қашты. Ол қаңғырып сан жылда бағдатқа әзер жетті, бағдат көшелерінде қаңғып жүрді, қол аяғы тырысып, бүрісіп, тым бейшара біреу болды. Бірде оның Хамадани хазіретке бірге барған ескертуші досы бір бейшара адамның көшеде қыбыла жаққа қарап, намаз оқымақшы болса, бұрылып қайта-қайта теріс отырып алатынын көрді. Ол жүгіріп келіп қараса, бұл бейшара адамның баяғыда әулиеге тіл тигізген ғұлама екендігін таниды, ол оған қатты жаны ашып кетеді, оның басын қыбылаға бұрады, ол тағы да өздігінен теріс бағытқа келіп алады. Сол кезде осындай жаман хәлде қалған ғұлама бұл досына, 'менің бұл хәлде қалуым әлгі әулиеге тіл тигізуімнен болды, қап әттең, маған өкініш болсын' деп өкінеді. Ол қыбылаға қарай алмайтын болып қалған, әулиенің киесі ату деген осындай болады. Юсуф Хамадани хазірет оны қарғамады, ештеңе етпеді, бірақ Алла оның әулиені мазақ еткеніне ашуланып, оған Өзі соғыс ашты, қарғысын жіберді. Алла әулиелерін жамали және жалали екі түрлі жаратады, жамали әулие дегені жұмсағы, ал жалали дегені қаһарлы әулие. Кім жалали әулиеге тіл тигізссе, Алла оған қарғыс жібереді, содан оның өмірі, иманы, діні жақсы болмайды, тіпті Алла оның иманын әкетуі мүмкін. اۋليەنى مازاق ەتەم دەپ، كاپىر بولىپ كەتكەن عۇلاما باعداتتىق ايگىلى اۋليە ابدۋل ءقادىر عەيلاني حازىرەتپەن تۇركىستاندىق قوجا احمەت ياسساۋي حازىرەت زامانداس دوس بولدى. ول ەكەۋى جاس كەزىندە سول داۋىردەگى ەڭ ايگىلى اۋليە يۋسۋف حاماداني حازىرەتتەن باتا الماق بولىپ جولعا شىقتى. ولارعا اسقان ءبىلىمدى عۇلامالار دا ەرە باردى، ولاردىڭ ىشىندە بىلىمىنە سەنىپ تاكاپپارلانعان باعداتتىق ءبىر عۇلاما، 'مەن ول اۋليەلەرىڭنەن مىنا سۇراقتى سۇرايمىن، ول جاۋاپ بەرە المايدى' دەپ مىسقىلدادى. ال عۇلامانىڭ ءبىر دوسى وعان بايقاپ سويلەۋدى ەسكەرتتى، ول قويمادى، اۋليەگە زور قۇرمەتسىزدىك كورسەتتى، اللا بۇنى اۋليەگە ءبىلدىردى. ال ەكى حازىرەت، 'بىزدە ەش سۇراق جوق، ءبىز تەك حامانادي اۋليەنىڭ باتاسىن الساق بولدى، سول جەتەدى' دەستى. ال ولار جەتكەندە، يۋسۋف حاماداني حازىرەت ماناعى عۇلامانى شاقىرىپ، 'سەنىڭ سۇراعىڭ مىناۋ، جاۋابى مىناۋ، اللا ساعان اشۋلاناما دەپ قورقام' دەيدى، ال عۇلاما ونىڭ ىشىندەگى سۇراعىن ايتقىزباستان ايتىپ، جاۋاپ بەرگەنىنە قاتتى تاڭعالدى جانە شوشىپ كەتتى. حاماداني حازىرەت ءابدۋل-ءقادىر حازىرەتپەن قوجا احمەت ياسساۋي حازىرەتكە باتاسىن بەرىپ، بەرەكەگە بولەيدى، ىقلاسىن توگەدى. ول ەكەۋى كەيىن دۇنيەگە ايگىلى اۋليەلەر بولدى. يۋسۋف حاماداني حازىرەت جالالي اۋليە ەدى، دەمەك كىم وعان قۇرمەتسىزدىك ەتسە، اللا وعان اشۋلانىپ يمانىن الىپ كەتەدى، ونى قارعايدى. ماناعى عۇلاما، 'تۇك بولمايدى' دەپ، ەلدەرىنە قايىتتى، كەيىن ولارعا رۋم حريستان پاتشادان ەلشى كەلدى، ال ماناعى عۇلاما ولارمەن بىرگە حريستان ەلىنە ءمالىم شارۋاعا جىبەرىلدى. ال وندا بارعاندا، ونىڭ كوزى پاتشانىڭ زينادان تۋعان قىزىنا ءتۇسىپ، باسى اينالدى، ولەرمەن عاشىق بولدى، بەرمەسەڭ ولەم دەدى. ال پاتشا وعان، 'سەن وندا يسلامنان شىق، حريستان بول' دەدى، ول دەرەۋ ماقۇل بولدى، كاپىر بولدى، قىزدى الدى. ءبىر كۇنى اللا وعان وتە جامان اۋرۋ جىبەردى، ونىڭ بۇكىل دەنەسى ىرىڭدەپ، قاراۋعا مۇمكىن بولمادى، ودان دارەتتەن ساسىق ءيىس شىقتى. پاتشا شىداماي ونى قىزدان اجىراتىپ، باسقا قالانىڭ كوشەسىنە اپارتىپ تاستادى، ول كوشە باعىپ، قايىرشى بولدى، كورگەن ەلدىڭ ءبارى ودان قاشتى. ول قاڭعىرىپ سان جىلدا باعداتقا ازەر جەتتى، باعدات كوشەلەرىندە قاڭعىپ ءجۇردى، قول اياعى تىرىسىپ، ءبۇرىسىپ، تىم بەيشارا بىرەۋ بولدى. بىردە ونىڭ حاماداني حازىرەتكە بىرگە بارعان ەسكەرتۋشى دوسى ءبىر بەيشارا ادامنىڭ كوشەدە قىبىلا جاققا قاراپ، ناماز وقىماقشى بولسا، بۇرىلىپ قايتا-قايتا تەرىس وتىرىپ الاتىنىن كوردى. ول جۇگىرىپ كەلىپ قاراسا، بۇل بەيشارا ادامنىڭ باياعىدا اۋليەگە ءتىل تيگىزگەن عۇلاما ەكەندىگىن تانيدى، ول وعان قاتتى جانى اشىپ كەتەدى، ونىڭ باسىن قىبىلاعا بۇرادى، ول تاعى دا وزدىگىنەن تەرىس باعىتقا كەلىپ الادى. سول كەزدە وسىنداي جامان حالدە قالعان عۇلاما بۇل دوسىنا، 'مەنىڭ بۇل حالدە قالۋىم الگى اۋليەگە ءتىل تيگىزۋىمنەن بولدى، قاپ اتتەڭ، ماعان وكىنىش بولسىن' دەپ وكىنەدى. ول قىبىلاعا قاراي المايتىن بولىپ قالعان، اۋليەنىڭ كيەسى اتۋ دەگەن وسىنداي بولادى. يۋسۋف حاماداني حازىرەت ونى قارعامادى، ەشتەڭە ەتپەدى، ءبىراق اللا ونىڭ اۋليەنى مازاق ەتكەنىنە اشۋلانىپ، وعان ءوزى سوعىس اشتى، قارعىسىن جىبەردى. اللا اۋليەلەرىن جامالي جانە جالالي ەكى ءتۇرلى جاراتادى، جامالي اۋليە دەگەنى جۇمساعى، ال جالالي دەگەنى قاھارلى اۋليە. كىم جالالي اۋليەگە ءتىل تيگىزسسە، اللا وعان قارعىس جىبەرەدى، سودان ونىڭ ءومىرى، يمانى، ءدىنى جاقسى بولمايدى، ءتىپتى اللا ونىڭ يمانىن اكەتۋى مۇمكىن. #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami

https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8219

ҚАБЫРДАҒЫ ӨЛІНІ ТІРІЛДІРГЕН АБДУЛ-ҚАДІР ҒЕЙЛАНИ ӘУЛИЕ бір христиан бір мұсылманға, 'біздің пайғамбарымыз иса хазірет өлген адамдарды, жануарларды Алланың атымен тірілдіре берген, ал сендердің пайғамбарда бұл жоқ, біздің пайғамбар сендердің пайғамбардан ұлы' дейді. Шындығында пайғамбарымыздың ондай мұғжизалары көп, одан да әлдеқайда үлкен мұғжизалары көп еді. Ал манағы арадан өтіп бара жатқан әйгілі әулие абдул-қадір ғейлани хазірет олардың жаңжалын естіп қалады, ол олардың қасына келеді. Мұсылман кісі болған жәйды айтады, христан кісі, 'біздің пайғамбарымыз өліні тірілдірген, біздікі ұлық пайғамбар' дейді. Ал әбдул-қадір ғейлани хазірет, 'мен пайғамбар емеспін, бірақ пайғамбарымыз мұхаммад әлейхис саламға мойын ұсынған бір жәй мұсылманмын, егер мен өліні тірілдірсем, сен ислам қабылдап, мұсылман боласыңба? Маған қабыр көрсеіңдер, мен саған біздің пайғамбарымыздың ұлылығын көрсетейін' дейді. Христиан кісі оған қосылады, олар бір көне қабырға келді. Әбдул-қадір ғейлани хазірет қабырға қарап, 'Алланың қалауында орныңнан тұр' деп, әмір етеді, сол кезде қабыр қақ жарылып, ортасынан бір өлі адам тіріліп шыға келеді. Бұндай ақылдан тыс кереметті көрген христан пайғамбарымыздың ұлылығын мойындап, ислам қабылдайды, мұсылман болады. Христан кісі пайғамбарымыз түгілі оның үмбеті болған кейбір мұсылманның өліні тірілдіре алатындығына таңғалады. Әрине абдул-қадір ғейлани хазірет әулиелердің сұлтаны еді, оған бұндай кереметтер үлкен іс емес. Әулие кереметіне сену де ислам ақидасынан, кім әулие кереметіне иман етпесе, оның ақидасы толық ақида болмайды, кемтар ақида болады, иманы түседі. قابىرداعى ءولىنى تىرىلدىرگەن ابدۋل-ءقادىر عەيلاني اۋليە ءبىر حريستيان ءبىر مۇسىلمانعا، 'ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز يسا حازىرەت ولگەن ادامداردى، جانۋارلاردى اللانىڭ اتىمەن تىرىلدىرە بەرگەن، ال سەندەردىڭ پايعامباردا بۇل جوق، ءبىزدىڭ پايعامبار سەندەردىڭ پايعامباردان ۇلى' دەيدى. شىندىعىندا پايعامبارىمىزدىڭ ونداي مۇعجيزالارى كوپ، ودان دا الدەقايدا ۇلكەن مۇعجيزالارى كوپ ەدى. ال ماناعى ارادان ءوتىپ بارا جاتقان ايگىلى اۋليە ابدۋل-ءقادىر عەيلاني حازىرەت ولاردىڭ جاڭجالىن ەستىپ قالادى، ول ولاردىڭ قاسىنا كەلەدى. مۇسىلمان كىسى بولعان ءجايدى ايتادى، حريستان كىسى، 'ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ءولىنى تىرىلدىرگەن، بىزدىكى ۇلىق پايعامبار' دەيدى. ال ءابدۋل-ءقادىر عەيلاني حازىرەت، 'مەن پايعامبار ەمەسپىن، ءبىراق پايعامبارىمىز مۇحامماد الەيحيس سالامعا مويىن ۇسىنعان ءبىر ءجاي مۇسىلمانمىن، ەگەر مەن ءولىنى تىرىلدىرسەم، سەن يسلام قابىلداپ، مۇسىلمان بولاسىڭبا؟ ماعان قابىر كورسەىڭدەر، مەن ساعان ءبىزدىڭ پايعامبارىمىزدىڭ ۇلىلىعىن كورسەتەيىن' دەيدى. حريستيان كىسى وعان قوسىلادى، ولار ءبىر كونە قابىرعا كەلدى. ءابدۋل-ءقادىر عەيلاني حازىرەت قابىرعا قاراپ، 'اللانىڭ قالاۋىندا ورنىڭنان تۇر' دەپ، ءامىر ەتەدى، سول كەزدە قابىر قاق جارىلىپ، ورتاسىنان ءبىر ءولى ادام ءتىرىلىپ شىعا كەلەدى. بۇنداي اقىلدان تىس كەرەمەتتى كورگەن حريستان پايعامبارىمىزدىڭ ۇلىلىعىن مويىنداپ، يسلام قابىلدايدى، مۇسىلمان بولادى. حريستان كىسى پايعامبارىمىز تۇگىلى ونىڭ ۇمبەتى بولعان كەيبىر مۇسىلماننىڭ ءولىنى تىرىلدىرە الاتىندىعىنا تاڭعالادى. ارينە ابدۋل-ءقادىر عەيلاني حازىرەت اۋليەلەردىڭ سۇلتانى ەدى، وعان بۇنداي كەرەمەتتەر ۇلكەن ءىس ەمەس. اۋليە كەرەمەتىنە سەنۋ دە يسلام اقيداسىنان، كىم اۋليە كەرەمەتىنە يمان ەتپەسە، ونىڭ اقيداسى تولىق اقيدا بولمايدى، كەمتار اقيدا بولادى، يمانى تۇسەدى. #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami

https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8221

САЛҒАН ҮЙІ ӨЗДЕРІНЕН ҰЗАҚ ЖАСАЙТЫН АДАМДАР Иса пайғамбар сапарда келе жатып, бір там үйге кіреді, оның ішінде 700 жастағы жасамыс кісі намаз оқып жатыр екен. Екеуі біраз сұхбат құрады, жасамыс кісі сондай тақуа, оның әркүнгі өмірі дерлік құлшылықпен өтеді екен, там үйінен басқа ештеңесі жоқ. Иса пайғамбар оған, 'о қадірлі қария, кейін ақырзаманда мына дүниеге сондай бір түрлі адамдар келеді, олар сіздің жасыңыздың оннан біріндей ғана ғұмыр көреді, бірақ өздерін сізден де көп жасайтындай сезінеді, олар сіздің жасыңызға шыдайтындай үй салар' дейді. Ал жасамыс қария таңғалып, 'егер менің жасым олардай қысқа болса, басымды сәждеден алмас едім' дейді. Ал пайғамбарымыз да, 'менің кейінгі үмбетім Аллаға шерік қоспайды, бірақ олар дүниенің артынан кетіп бұзылады, исламнан алыстайды, кәпірлер басын қай тесікке сұқса, олар да сол тесікке басын сұғады, кәпірлерге ереді, оларға зауал сол кезде келер' дейді. Ол және, 'ақырзаманда үмбетім өте көп болады, бірақ түкке шамасы келмейтін бос болады, олар теңіз толқынының қайраңға соққан көпіршігі сияқты келеді, ештеңеге жарамайды, кәпірден пәс болады, себебі олар менің жолымды тастап, нәпсімен дүниеге ереді, кәпірге еліктейді, сондықтан Алла олардан қорғанын алып кетеді, олар өздерімен қалады, міне осы кезде кәпірлер оларға әңгір таяқ ойнатар' дейді. Ал біз пайғамбарымыз айтқан сол заманда тұрмыз, қазір мұсылмандар исламды дұрыс ұстануды білмес, оны ұмытқан, олар исламды пайғамбарымызбен әулиелер, ізгі ғұламалар көрсеткен жолмен емес, бірақ өз нәпсілері көрсеткен жолмен ұстануда. سالعان ءۇيى وزدەرىنەن ۇزاق جاسايتىن ادامدار يسا پايعامبار ساپاردا كەلە جاتىپ، ءبىر تام ۇيگە كىرەدى، ونىڭ ىشىندە 700 جاستاعى جاسامىس كىسى ناماز وقىپ جاتىر ەكەن. ەكەۋى ءبىراز سۇحبات قۇرادى، جاسامىس كىسى سونداي تاقۋا، ونىڭ اركۇنگى ءومىرى دەرلىك قۇلشىلىقپەن وتەدى ەكەن، تام ۇيىنەن باسقا ەشتەڭەسى جوق. يسا پايعامبار وعان، 'و ءقادىرلى قاريا، كەيىن اقىرزاماندا مىنا دۇنيەگە سونداي ءبىر ءتۇرلى ادامدار كەلەدى، ولار ءسىزدىڭ جاسىڭىزدىڭ وننان بىرىندەي عانا عۇمىر كورەدى، ءبىراق وزدەرىن سىزدەن دە كوپ جاسايتىنداي سەزىنەدى، ولار ءسىزدىڭ جاسىڭىزعا شىدايتىنداي ءۇي سالار' دەيدى. ال جاسامىس قاريا تاڭعالىپ، 'ەگەر مەنىڭ جاسىم ولارداي قىسقا بولسا، باسىمدى ساجدەدەن الماس ەدىم' دەيدى. ال پايعامبارىمىز دا، 'مەنىڭ كەيىنگى ۇمبەتىم اللاعا شەرىك قوسپايدى، ءبىراق ولار دۇنيەنىڭ ارتىنان كەتىپ بۇزىلادى، يسلامنان الىستايدى، كاپىرلەر باسىن قاي تەسىككە سۇقسا، ولار دا سول تەسىككە باسىن سۇعادى، كاپىرلەرگە ەرەدى، ولارعا زاۋال سول كەزدە كەلەر' دەيدى. ول جانە، 'اقىرزاماندا ۇمبەتىم وتە كوپ بولادى، ءبىراق تۇككە شاماسى كەلمەيتىن بوس بولادى، ولار تەڭىز تولقىنىنىڭ قايراڭعا سوققان كوپىرشىگى سياقتى كەلەدى، ەشتەڭەگە جارامايدى، كاپىردەن ءپاس بولادى، سەبەبى ولار مەنىڭ جولىمدى تاستاپ، ناپسىمەن دۇنيەگە ەرەدى، كاپىرگە ەلىكتەيدى، سوندىقتان اللا ولاردان قورعانىن الىپ كەتەدى، ولار وزدەرىمەن قالادى، مىنە وسى كەزدە كاپىرلەر ولارعا اڭگىر تاياق ويناتار' دەيدى. ال ءبىز پايعامبارىمىز ايتقان سول زاماندا تۇرمىز، ءقازىر مۇسىلماندار يسلامدى دۇرىس ۇستانۋدى بىلمەس، ونى ۇمىتقان، ولار يسلامدى پايعامبارىمىزبەن اۋليەلەر، ىزگى عۇلامالار كورسەتكەن جولمەن ەمەس، ءبىراق ءوز ناپسىلەرى كورسەتكەن جولمەن ۇستانۋدا. #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami

https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8216

НАМАЗДА БАСЫНА ҚҰС ҚОНАТЫН НАҚЫШБАНД ӘУЛИЕСІ нақышбанд сопылық тәриқатының әйгілі әулие пірі Ғуджуани хазірет, 'балам, тауға бар, мен келемін' деп, бір шәкіртін тауға жіберді. Шәкірті тауда оны көп күтті, 'пірім не қылар, кетейін, итпен құсқа жем болармын' демеді. Ол онда ғибадатын өтеді, ал түнде зікір салғанда таулар шеңбер болып, оны айналды, аң-құстар оны қоршай отырды, намазға тұрғанда құстар оның иығымен басына қонатын еді. Тек жеті жыл өткен соң, пайғамбарымыз Ғуджуани әулиеге, 'мүритіңе бар, онда еш ой қалмады, таз болды' дейді. Ғуджуани әулие лезде келді және оған, 'о балам, мені неге сонша күттің, жеті жыл болды' дейді. Ол, 'о пірім, егер мен өз ой, өз білімім бойынша іс қылсам, пайғамбарымыз сізді осында мені іздеп келуге жібермес еді, мен сізге жұтылғам, сіз мендесіз, өзім жоқпын' дейді. Сол кезде, 'ХУ, ХУ, ХУ' зікірі шығып, есебі жоқ әулиелер рухани күйде оны айнала орналасты, әулие сұлтандары да келді, біздің пірдің әруағы да келді, нақышбанд әулиелерінің әруақтары барзақтан сонда жиналды. Және бұл мүрит сенімге ие болып, оған нақышбанд сопылық тәриқатының аманаты ұсынылды. Оның нәпсісі мүлдем өшкен еді, оған нәпсі, хауа, шайтан және дүниенің әмірі жүрмейтін, оған илаһи құзіреттегі алты қуат та берілді. Ол тауда шөп, қабық, жапырақ жеп, өмір сүрді, жеті жыл болғанда, ол нәпсісін түгел жеңіп, нағыз адам болды, Алланың жердегі халифасы міне осылар. Ал кім нәпсісін меңгере алмаса, нағыз адам болмас, лас болар, бұндайда ол қанша дәрет я ғұсыл алса да, рухы тазарған кісі бола алмайды. - МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ نامازدا باسىنا قۇس قوناتىن ناقىشباند اۋليەسى ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ ايگىلى اۋليە ءپىرى عۋدجۋاني حازىرەت، 'بالام، تاۋعا بار، مەن كەلەمىن' دەپ، ءبىر شاكىرتىن تاۋعا جىبەردى. شاكىرتى تاۋدا ونى كوپ كۇتتى، 'ءپىرىم نە قىلار، كەتەيىن، يتپەن قۇسقا جەم بولارمىن' دەمەدى. ول وندا عيباداتىن وتەدى، ال تۇندە زىكىر سالعاندا تاۋلار شەڭبەر بولىپ، ونى اينالدى، اڭ-قۇستار ونى قورشاي وتىردى، نامازعا تۇرعاندا قۇستار ونىڭ يىعىمەن باسىنا قوناتىن ەدى. تەك جەتى جىل وتكەن سوڭ، پايعامبارىمىز عۋدجۋاني اۋليەگە، 'مۇريتىڭە بار، وندا ەش وي قالمادى، تاز بولدى' دەيدى. عۋدجۋاني اۋليە لەزدە كەلدى جانە وعان، 'و بالام، مەنى نەگە سونشا كۇتتىڭ، جەتى جىل بولدى' دەيدى. ول، 'و ءپىرىم، ەگەر مەن ءوز وي، ءوز ءبىلىمىم بويىنشا ءىس قىلسام، پايعامبارىمىز ءسىزدى وسىندا مەنى ىزدەپ كەلۋگە جىبەرمەس ەدى، مەن سىزگە جۇتىلعام، ءسىز مەندەسىز، ءوزىم جوقپىن' دەيدى. سول كەزدە، 'حۋ، حۋ، حۋ' زىكىرى شىعىپ، ەسەبى جوق اۋليەلەر رۋحاني كۇيدە ونى اينالا ورنالاستى، اۋليە سۇلتاندارى دا كەلدى، ءبىزدىڭ ءپىردىڭ ءارۋاعى دا كەلدى، ناقىشباند اۋليەلەرىنىڭ ءارۋاقتارى بارزاقتان سوندا جينالدى. جانە بۇل ءمۇريت سەنىمگە يە بولىپ، وعان ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ اماناتى ۇسىنىلدى. ونىڭ ءناپسىسى مۇلدەم وشكەن ەدى، وعان ءناپسى، حاۋا، شايتان جانە دۇنيەنىڭ ءامىرى جۇرمەيتىن، وعان يلاھي قۇزىرەتتەگى التى قۋات تا بەرىلدى. ول تاۋدا ءشوپ، قابىق، جاپىراق جەپ، ءومىر ءسۇردى، جەتى جىل بولعاندا، ول ءناپسىسىن تۇگەل جەڭىپ، ناعىز ادام بولدى، اللانىڭ جەردەگى حاليفاسى مىنە وسىلار. ال كىم ءناپسىسىن مەڭگەرە الماسا، ناعىز ادام بولماس، لاس بولار، بۇندايدا ول قانشا دارەت يا عۇسىل السا دا، رۋحى تازارعان كىسى بولا المايدى. - ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە #қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami