
KAZ Minerals News
February 17, 2025 at 09:38 AM
Алаяқтар тағы да KAZ Minerals брендін жамылып жүр!
❗ Сақ болыңыз!
Өкінішке қарай, KAZ Minerals брендін тек сырттағы адамдар ғана емес, компанияның бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлері де пайдалана алады. Ішкі тексерулер көрсеткендей, алаяқтар KAZ Minerals-қа ақша төлеп, жұмысқа орналасуды ұсынатын жағдайлар бар. Бұл алдау!
🔍Жақында әлеуметтік желі мониторингі бұрынғы қызметкердің әрекетін анықтады, оған қатысты алаяқтық үшін екі сот үкімі күшіне енді. Ол ақы төлеп, компанияға жұмысқа орналасуды ұсынған. Соттың шешімі бойынша оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
💡 Еске саламыз:
* KAZ Minerals ешқашан жұмысқа орналасу үшін ақша алмайды!
* Барлық жұмысқа қабылдау процедуралары мүлдем тегін.
* KAZ Minerals-та жұмысқа орналастырудың ресми арналары:
- www.kazminerals.info, www.kazminerals.com, hh.kz, enbek.kz сайттарындағы бос жұмыс орындары
- түйіндеме [email protected] поштасына жолдау
- @kazminerals_job
❗Егер кімде-кім сізге KAZ Minerals-қа ақша төлеп, жұмысқа орналасуды ұсынса - бұл алаяқтық! Мұндай жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Өзіңізге абай болып, тек ресми ақпаратқа сеніңіз.