KAZ Minerals News
KAZ Minerals News
February 25, 2025 at 11:52 AM
Павлодар химия-механикалық колледжінде жаңа органикалық химия зертханасы ашылды. Бұл жобаға KAZ Minerals қаржылық қолдау көрсетіп, 53 миллион теңге бөлді. Колледжде алты мамандық бойынша 600 астам студент білім алады, олардың 80-і болашақ зертханалық технологтар. Енді олар мамандықты заманауи жабдықтарда жұмыс істеп, игере алады. KAZ Minerals Bozshakol директоры Джейми Караттидің айтуынша, білім беруге инвестиция салу компания стратегиясының ажырамас бөлігі: "Соңғы бір жарым жылда біз жабдықтардың, ғимараттардың және білім беру процесінің сапасын жақсартуға шамамен 1,5 млн доллар бөлдік. Студенттердің біздің компанияда қолданылатын жабдықта оқуы маңызды. Бұл жәй ғана инвестиция емес - бұл болашақты қолдау".

Comments