
Ілім العلم
January 31, 2025 at 07:30 PM
Шәкірт – гүл секілді. Салқынға кішкене шықса өз қалпын бірден жоғалтып қояды. Яғни жұмыс істеуге немесе басқа нәрсеге, өмірдің қызылды-жасылына алаңдаса шәкірт деген атын жоғалтып қояды.
Ал гүлді қалпына келтіру үшін, үйге кіргізіп, гүлге ыстық қайнаған су құйып біраз уақыт сол су салқындағанша салып қою керек. Ыстық су негізі гүлді өлтіреді, алайда өлермен хәлінде оған керісінше жан береді.
Яғни шәкіртте өзін жоғалтып алса, ілімдегі серіктеріне қайта қосылып, ұстазының ыстық-ыстық ауыр сөздерін естіп алып, өзін ілімге салып өлермен хәлге түсіргенше, өзіне жан беру үшін оқу керек.
Бірнеше уақыттан кейін гүл секілді шәкіртте ілім жолында жайқалып шыға келеді. Ең бастысы сол уақытта сабырлық керек. Ол бірнеше айға жалғасуы бек мүмкін.
❤️
👍
💗
✅
➕
👌
💖
💯
😍
😢
145