
Ablyazov Live
February 27, 2025 at 12:34 PM
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ҰМТЫЛМАЙДЫ
2025 жылдын 27 ақпанында Астана қаласы, Талапкер ауылында ұлт үшін, шындық үшін жанын қиған қазақтың батыр ұлы Дулат Ағаділдің әруағына арнап, 5 жылдық ас берілді.
Бүгінгі Назарбаев-Тоқаев басқарып отырған авторитарлы биліктің құқық қорғаушыларының қолынан қаза тапқан ДУЛАТТЫ ЕЛ есінен шығармайды.
БІЗ көзі жұмылған соң осылай құрметтеп жатамыз, тірісінде қадіріне жетіп, не үшін шырылдап жатыр деп елеп ескеріп, соңынан ере алмасақта. Өкініштісі сол.
Дулаттың ісін жалғап, әділдік үшін жаста болса бас болып күреске бел буған оның ұлы Жанболаттан да немқұрайлығымыздың кесірінен қапыда айрылып қалған едік.
Дулаттың күресі әлі де жалғаса береді.
Бұл қалың еліне батырдан қалған аманат!
Текті Ел екендігімізге сенімді болсақ батырдың аманатына қиянат жасамайық, ағайын!
Елдің, болашақ ұрпақтың тағдыры жарқын болсын десек
күресте бір-бірімізді қолдайық!
Алға Казахстан!
Күш бірлікте!
🤲
🔥
3