ORTCOM.KZ
ORTCOM.KZ
February 17, 2025 at 11:39 AM
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады Берік Асылов: ✔️еліміздегі заң үстемдігінің жай-күйі және қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндады; ✔️криминогендік жағдай және қылмыстық-құқықтық саладағы азаматтардың конституциялық қақын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жөнінде есеп берді:       – прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу сатысында 32 мыңнан астам заңсыз шешімді тоқтатқан, бұл істер Қылмыстық-процестік кодекске сай келмейді. 4 мың азаматтың қылмыстық іске негізсіз тартылуына жол бермеген. Сонымен қатар заңсыз ұсталған 1,5 мыңнан аса адам босатылған;       – Бас прокурордың қарсылығы негізінде Жоғарғы сот 150 тұлғаға қатысты істің мән-жайын оң бағытқа өзгертіп, соның ішінде 10 адам толық ақталған; ✔️әлеуметтік-экономикалық салада 81 мың кәсіпкердің, 979 мың зейнеткердің, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарының және басқа да азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілгенін хабарлады. 123 мың жұмысшының еңбек құқығын бұзуға жол берілмеген. Жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге болатын алимент бойынша қарыз өндірілген; ✔️былтыр мемлекет пайдасына 627 миллиард теңгеден асатын өтемақы қайтарылғаны жөнінде айтты; ✔️экономикаға 12 триллион теңгеден астам қаржы құйған 800 инвесторға прокурорлық көмек берілгенін айтты:       – прокуратура актісі бойынша 136 лауазымды тұлға жауапқа тартылған;       – прокурорлар инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың 712 шешіміне келісім бермеген;       – инвестициялық жобаларға қолдау көрсету барысында «прокурорлық сүзгіні» пайдалану өз тиімділігін көрсеткен;       – жалпыұлттық пулға енген жобалардың жүзеге асырылуын қадағалауға мүмкіндік беретін Цифрлы инвестициялық платформа белсенді қызмет атқарып келеді; ✔️қоғам назарын аударған бірқатар қылмыстық істі тергеу барысы жөнінде мәлімет берді; ✔️қылмысқа қарсы күресте цифрлық технологияларды жаппай енгізу жөнінде баяндады. Атап айтқанда, іздеуде жүрген азаматтарды «ақылды» бейнекамераның көмегімен табу (іздеуде жүргендер саны 9,4 пайызға азайды) тәсілі жолға қойылды. ❗️Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң және тәртіп» қағидасын іске асыру, барлық салада заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, есірткі бизнесімен күрес, қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша құқық қорғау мен басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірудің маңызын атап өтті. Глава государства принял Генерального прокурора Берика Асылова Берик Асылов: ✔️отчитался о состоянии законности в стране и итогах работы по приоритетным направлениям надзорной деятельности; ✔️доложил о криминогенной ситуации и мерах, направленных на обеспечение конституционных прав граждан в уголовно-правовой сфере:       – органы прокуратуры пресекли более 32 тысяч решений на стадии досудебного расследования, противоречащих Уголовно-процессуальному кодексу, не допустили необоснованного вовлечения в уголовную орбиту 4 тысяч лиц, освободили более 1500 незаконно задержанных лиц;       – по протестам Генерального прокурора Верховным cудом улучшено положение 150 лиц, из них полностью оправданы 10 лиц; ✔️сообщил, что в социально-экономической сфере восстановлены нарушенные права 81 тысячи предпринимателей, 979 тысяч пенсионеров, лиц из социально уязвимых слоев населения и других. Не допущено нарушений трудовых прав 123 тысяч работников. В пользу детей взысканы долги по алиментам на 4,6 млрд тенге; ✔️проинформировал, что за прошлый год государству возмещен ущерб на сумму свыше 627 млрд тенге; ✔️рассказал о том, что прокурорскую помощь получили 800 инвесторов, чей вклад в экономику составил свыше 12 трлн тенге:       – по актам прокуратуры за допущенные нарушения к ответственности привлечено 136 должностных лиц;       – прокурорами отказано в согласовании 712 решений госорганов в отношении инвесторов;       – отмечено эффективное использование «прокурорского фильтра» при сопровождении инвестиционных проектов;       – активно функционирует Цифровая инвестиционная платформа, позволяющая отслеживать ход реализации проектов Общенационального пула; ✔️отчитался о ходе расследования ряда резонансных уголовных дел; ✔️доложил о широком внедрении цифровых технологий в борьбе с преступностью, в частности, в поимке разыскиваемых лиц с помощью «умных» видеокамер (количество разыскиваемых снижено на 9,4%). ❗️Касым-Жомарт Токаев поручил продолжить работу по практической реализации принципа «Закон и Порядок», обеспечению законности во всех сферах. Он также подчеркнул важность координации деятельности правоохранительных и других госорганов по противодействию мошенничеству, борьбе с наркобизнесом, профилактике правонарушений в общественных местах.

Comments