ORTCOM.KZ
ORTCOM.KZ
February 17, 2025 at 11:47 AM
Мемлекет басшысы Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады ➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесті. ➤ Мемлекет басшысы дипломатқа ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің деңгейі жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі саяси диалогтың дәйекті дамып, үкіметаралық ықпалдастықтың белсенді өркендеп келе жатқанына назар аударды. ➤ Президент былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған келісімдердің өз деңгейінде іске асырылып жатқанына көңілі толатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл уағдаластықтарды жүзеге асыру жан-жақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге ықпал етеді. Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанға ыстық ықыласын жолдады. Президент Казахстана принял министра иностранных дел Венгрии Петера Сийярто ➤ Глава государства принял министра внешнеэкономических связей и иностранных дел Венгрии Петера Сийярто, прибывшего в Астану с официальным визитом. ➤ Приветствуя венгерского дипломата, Президент отметил высокий уровень стратегического партнерства между Казахстаном и Венгрией. Подчеркнуто поступательное развитие политического диалога на высоком уровне, а также активное межправительственное взаимодействие. ➤ Касым-Жомарт Токаев выразил удовлетворение динамичной реализацией соглашений, подписанных в ходе его государственного визита в Будапешт в прошлом году. По его словам, их последовательное воплощение будет способствовать дальнейшему углублению всестороннего партнерства. Глава государства передал приветствие и наилучшие пожелания Премьер-министру Венгрии Виктору Орбану.

Comments