ORTCOM.KZ
ORTCOM.KZ
February 17, 2025 at 02:59 PM
Мемлекет басшысы Халықаралық күрес федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады ▪️Қасым-Жомарт Тоқаев күрестің халықаралық спорт аренасындағы еліміздің беделін нығайтуда айтарлықтай рөлге ие екенін айтты. Сонымен қатар әлемдік турнирлерде табысты өнер көрсетіп жүрген отандық балуандардың жетістіктерін жоғары бағалады. ▪️Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық күрес федерациясымен стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, инфрақұрылымды жетілдіру, даярлықтың озық әдістерін енгізу және елімізде халықаралық турнирлерді өткізу осы спорт түрінің танымалдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін еселеуге ықпал етеді. ▪️Ненад Лалович қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Ол Қазақстанды федерацияның маңызды серіктесі деп атап өтіп, біздің ұлттық күрес мектебінің зор табыстарына тоқталды. Ненад Валовичтің айтуынша, қазақстандықтардың дені сау ұлт қалыптастыруға ұмтылысы спорт пен басқа да салаларда жоғары нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді. ▪️Кездесуде Қазақстанның әлемдік спорт қоғамдастығындағы беделін нығайту және басымдыққа ие спорт түрі ретінде күресті одан әрі ілгерілету перспективасы талқыланды. ▪️Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстандағы күресті дамытуға қосқан үлесі үшін Халықаралық күрес федерациясының президентін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Глава государства принял президента Международной федерации борьбы Ненада Лаловича ▪️Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что борьба является важным видом спорта, который играет значительную роль в укреплении позиции нашей страны на международной спортивной арене. Он также высоко оценил достижения отечественных борцов, которые успешно выступают на крупнейших мировых турнирах. ▪️Глава государства подчеркнул, что Казахстан нацелен на укрепление стратегического сотрудничества с Международной федерацией борьбы. По его словам, расширение инфраструктуры, внедрение передовых методик подготовки и проведение международных турниров в нашей стране будут способствовать росту популярности и конкурентоспособности этого вида спорта. ▪️Ненад Лалович поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за теплый прием и выразил готовность к продолжению взаимодействия. Он назвал Казахстан важным партнером федерации и отметил впечатляющий прогресс национальной школы борьбы. По его словам, стремление казахстанцев к формированию здоровой нации помогает добиваться высоких результатов в спорте и других сферах. ▪️В ходе встречи были обсуждены перспективы укрепления позиций Казахстана в мировом спортивном сообществе и дальнейшего продвижения борьбы как одного из приоритетных видов спорта. ▪️В завершение встречи Глава государства наградил руководителя Международной федерации борьбы орденом «Достык» II степени за вклад в развитие борьбы в Казахстане.

Comments