ORTCOM.KZ
ORTCOM.KZ
February 19, 2025 at 10:54 AM
Биыл жолаушылардың жайлылығы мен тасымалдың сапасын арттыру үшін 226 жаңа вагон сатып алынады. Аталған жаңа вагондар 13 бағытта қатынайды және халықаралық бағыттарға да қосылады. ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғановтың айтуынша, жаңа вагондар кондиционер, Wi-Fi, биодәретханалар, кеңейтілген жүк сөрелері, қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ ерекше санаттағы жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасалады. «Былтыр осы мақсатта 143 жаңа вагон сатып алынған. Ал негізінен 2029 жылға дейін отандық вагон паркін 1000 вагонға дейін жаңарту жоспарда бар», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Comments