Нұрлы Сөздер
Нұрлы Сөздер
June 4, 2025 at 05:34 AM
*НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!* *ЗИЛХИЖЖА айының 8, 9, 10-шы күндері – 1446 ж.* *2025 ж. маусымның 4, 5, 6-сы* *ТӘРВИЯ, АРАФА және НАХР күндері* *Құрметті, ардақты бауырларым!* Көп сәлем… Біздің өлкеде бұрын *арафа күні 1000 рет Ыхылас сүресін оқитын едік.* Мен қазір бір күн бұрын 500, арафа күні тағы 500 рет оқи аламын. Кім өзін сенімді болса – бірден 1000 рет оқи алады. Мен, расында, сіздерді көрмеймін, әрқайсыңызбен жеке жүздеспеймін, бірақ жиі дұғада әрбіріңізбен, кейде атымен айтып отырып, рухани түрде сұхбаттасамын. (Шуалар кітабынан) ⸻ *Муғаз ибн Жәбәлден (р.а.) риуаят етіледі:* *Аллаһ Елшісі (с.а.с.) былай деген:* *“БЕС ТҮНДІ (ғибадатпен өткізіп) ЖАНДЫ ӨТКІЗГЕН АДАМҒА ЖӘННАТ ПАРЫЗ БОЛАДЫ.”* *Олар мыналар:* 1. *Тәрвия түні* – Зүлхижжа айының 8-ші түні, 2. *Арафа түні* – Зүлхижжа айының 9-шы түні, 3. *Нахр түні* – Құрбан айттың алдындағы түні, 4. *Ораза айт түні* – Шәууәл айының 1-ші түні, 5. *Бераәт түні* – Шағбан айының ортасы. [әл-Исфәһани, әт-Тәрғиб, №367, 1-т., 182-б.; Ахмед ибн Хижаҗи, Тухатул-Ихван, 42-б.] ⸻ 📆 *2025 жылғы сәйкес келетін күндер:* • *Тәрвия күні – Сәрсенбі* • *Арафа күні – Бейсенбі* • *Құрбан айт – Жұма* ⸻ 🕋 *Уажіп – Тәшриқ тәкбірлері:* Бейсенбі күнгі таң намазынан бастап, Құрбан айттың 4-ші күні екінді намазында аяқталады. ⸻ 📘 *Мағыналық анықтамалар:* ✅ *Тәрвия* – Арафа күнінің алдындағы күн. ✅ *Арафа* – Құрбан айттың алдындағы күн. ✅ *Нахр түні* – Бейсенбіден жұмаға қараған түн (Құрбан айт түні). ⸻ 🌟 *Хадистерде келтіріледі:* ✅ Тәрвия күні ораза тұтқан, тілін күнәдан сақтаған мұсылман міндетті түрде Жәннатқа кіреді. ✅ Бұл күні ораза тұту – 1000 құлды азат етуге, 2000 түйе құрбан шалуға, 1000 атты соғысқа жіберуге тең сауап. ✅ *Арафа күні* тұтылған ораза – 1000 күндік нәпіл оразаға тең. ✅ Арафа оразасы – өткен және келер жылдағы күнәларға кәффарат болады. ✅ *Арафа күні* 1000 рет Ыхылас сүресін бисмілләмен оқыған адамның күнәлары кешіріліп, дұғасы қабыл болады. ✅ Арафа күнінен артық күн жоқ. Сол күні Алла Тағала жердегілермен мақтанып, көктегілерге: *«Ей, көктің жандары! Құлдарыма қараңдар, олар менің рахметіме жету үшін, азабымнан қашу үшін алыс жерлерден келді…»* – дейді. ✅ Арафа күні тозақтан азат етілетін құл саны басқа еш күнмен тең келмейді. ✅ Арафа күні құлағына, көзіне және тіліне ие болған адамға кешірім беріледі. ✅ Арафа күні – жүрегінде тозаңдай иманы бар адамды Алла кешіреді. ✅ Ең абзал дұға – Арафа күні жасалған дұға. ⸻ 🕌 *ОРАЗА КҮНДЕРІ:* • *Тәрвия оразасы – Сәрсенбі күні.* • *Арафа оразасы – Бейсенбі күні.* ⸻ 💬 *Ескерту:* Мәлім болғандай *3 Ыхылас сүресі, 1 Құран хатым* сауабына тең. Кім Арафа күні 1000 Ыхылас оқыса – *333 хатым* сауабын алу мүмкіндігі бар. Оған толық үлгермейтіндер – Сәрсенбі күні бастап оқи алады. ⸻ 🕊 *Алла Тағала ұстаған оразаларымызды, оқыған намаздарымызды, шалған құрбандарымызды қабыл етсін! Әмин!* *Құрбан айт мейрамыңыз құтты болсын!*

Comments