Алга Zello объявления
Алга Zello объявления
June 18, 2025 at 07:11 PM
» Алға қаласында қорымға (Ақ молаға) апаратын жолға қиыршық тас төселді Алға қаласына қарасты қорымға апаратын жолға қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес қолға алынып, демеушілердің көмегімен жүзеге асты. Бұған дейін аталған жол учаскесі жаңбырлы және лайсаң күндері жүріп-тұруға қолайсыз болған. Енді төселген қиыршық тас жолдың сапасын жақсартып, көлік қозғалысы мен қорымға келушілерге қолайлы жағдай жасады. Қала тұрғындары бұл өзгеріске оң бағасын беріп, ризашылықтарын білдірді. alga_aqparat
👍 🙏 😘 6

Comments