
Kaspi Pay
1.1K subscribers
About Kaspi Pay
Лицензия ҚР ҚНРДА/АРРФР РК №1.2.245/61 WhatsApp-тағы Kaspi Pay-дің ресми және жалғыз арнасы. Жазылыңыз! Барлық сұрақтарыңызға жауаптар — Kaspi Гид сервисінде.
Similar Channels
Swipe to see more
Posts

Енді Kaspi.kz-тегі Магазиннің серіктестері Kaspi Pay қосымшасында тауарларына Kaspi Бонус беретін науқандарды іске қоса алады. Бұл жаңа тауарды тиімді өткізуге, қалған тауарды тезірек сатып жіберуге және сатылымды арттыруға мүмкіндік береді. «Сатушы беретін бонус» сервисі компанияның басшысына, сондай-ақ басқарушыға немесе маркетинг менеджеріне қолжетімді Сіз тауарларды, оларды өткізгіңіз келетін қалаларды, 5-60% аралығындағы бонусты және мерзімін өзіңіз таңдайсыз. Науқанның баптауын кез келген уақытта өзгертуге болады. Тауар үшін бонустың мөлшері Kaspi Pay шотынан әр сатылымнан автоматты түрде алынады. Kaspi Pay-дегі «Маркетинг» сервисінің жеке кабинетінен нәтижесін қадағалап, төленген бонустың сомасы туралы ақпаратты көруге болады. Толығырақ: https://bit.ly/4aQTBjA

Kaspi Жұма басталғанға дейін бар болғаны 3 күн қалды! Тиімді сатып алу мерекесі кезінде серіктестеріміз 24 айға дейін бөліп төлеуді ұсынады. Бұл кезеңде тапсырыстардың саны 5 еседен астам артуы мүмкін және мұндай ағынмен жұмыс істеу оңай болмайды. Kaspi Жұмаға дайындалу үшін және бірде-бір мүмкіндікті жіберіп алмау үшін инфографикамызбен танысыңыз, ол сату көлемі барынша артқан кезеңде жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі. Kaspi Жұма туралы барлық сұраққа жауапты Kaspi Гид сервисінен таба аласыз.

13 ақпанда еліміздің жетекші арналарында кәсіпкерлердің бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі Kaspi Жұмаға қалай дайындалып жатқаны туралы сюжет шықты. Олар қазақстандықтарды алуан түрлі тауарлармен және қызметтермен, сондай-ақ қосымша жеңілдікпен және бонуспен қуантпақ. Әтір мен косметиканы, әшекейді, киім мен аяқкиімді, заманауи гаджет пен тұрмыстық техниканы 24 айға дейін бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Kaspi Жұмаға жеткізу қызметтері де дайындалып жатыр. Олар күшін арттырып, процестерді автоматтандыруда. Үш күнде қазақстандық шағын бизнес табысын бірнеше есеге арттырады. Бұл кәсіпкерлердің дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуына көмектеседі: https://youtu.be/eBaEW4QqhiQ

Kaspi Жұма қызу жүріп жатыр! Бұл күндері еліміздің ең шалғай жерлерін қоса алғанда, бүкіл Қазақстан бойынша Kaspi Магазиннен тапсырысты тасымалдайтын сервис – Kaspi Жеткізу қарқынды жұмыс істеуде. Ресімделгеннен кейін әр сатып алынған затты жеткізу оны қолыңызға алғанша оңайға түспейді. Тапсырысты «жеткізу жолының» негізгі кезеңдері туралы Kaspi.kz қосымшасында сізге хабарлама келеді. Сондай-ақ кез келген уақытта оның күйін «Тапсырыс мәліметтері» бөлімінен тексере аласыз.

20 ақпанда еліміздің жетекші арналарында бүкіл ел бойынша 14-16 ақпан аралығында өткен Kaspi Жұманың қорытындысы туралы сюжет шықты. Қазақстандықтардың көктемге дайындалып, Kaspi.kz-те және қаланың үздік дүкендерінде алуан түрлі тауарды 24 айға дейін бөліп төлеуге таңдауға мүмкіндігі болды. Сондай-ақ тиімді сатып алу мерекесіне Kaspi Travel-дегі танымал бағыттар бойынша турлар да қатысты. Қазақстандық кәсіпкерлер тиімді сатып алу мерекесіне ол басталмай тұрып дайындалған. Нәтижесінде олардың сатылымдары бірнеше есеге артты. Барлық сатып алушы есікке дейін немесе жақын жерде орналасқан Kaspi Postomat-қа жеткізілген тапсырыстарын алу үшін жеткізу қызметі 10 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Еліміз бойынша 8 мыңнан астам осындай құрылғы орнатылды. Kaspi Жұма клиенттер үшін пайдалы әрі жанға жағымды жаңа заттар сатып алатын кез. Ал бизнес үшін қосымша табыс пен даму мүмкіндігі: https://youtu.be/dqflBHPYguU

Енді қызметкерлеріңіз Kaspi Банкоматта Kaspi Pay шотына ақша сала алады. Бұрын бұл тек басшыға қолжетімді болатын. Енді Kaspi.kz магазиннің басқарушысы, бухгалтері, кассирі, менеджері және маркетинг менеджері ақша сала алады. Бұл уақытты үнемдейді және қаражатпен жұмыс істеуді жеңілдетеді. Kaspi Банкоматта Kaspi.kz қосымшасындағы QR-код, Kaspi Gold немесе Business Карта арқылы авторизациядан өтуге болады. Егер Kaspi Pay шоты Kaspi Банкоматта көрсетілмесе, қызметкер басшыға хабарласып, оны Kaspi.kz-те тіркелген нөмірі бойынша Kaspi Pay қосымшасына қосуды сұрау керек. Kaspi Pay шоты туралы толығырақ Kaspi Гид сервисінен білуге болады: https://guide.kaspi.kz/partner/kz/account

Барша мұсылман қауымын Қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймыз! Жандарыңыз тыныштыққа, жүректеріңіз мейірімге толы болсын, шаңырақтарыңызға құт-береке тілейміз! Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын, ізгі амалдарыңыз еселеніп, әр жаңа күн қуаныш сыйласын, табыс әкелсін, төрт құбылаңыз тең болсын.

Көктем жақындап қалды! Демек, алда наурыздағы мерекелер және сәнқойлар, спортшылар, бағбандар және жылы мезгілді ұнататын барлық жандар үшін жаңа маусым басталады. Барлығы өзін және жақындарын сыйлықпен қуантуы үшін Kaspi.kz бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесін қайта өткізеді! Бәріне ұнайтын Kaspi Жұма 14, 15 және 16 ақпанда өтеді. Сатып алушылар Kaspi.kz серіктестерінен тиімді бағаға, жеңілдікпен, бонус берілетін алуан түрлі тауар сатып ала алады. Толығырақ: https://bit.ly/3CCkY4q