
Kaspi Pay
February 10, 2025 at 09:10 AM
Енді Kaspi.kz-тегі Магазиннің серіктестері Kaspi Pay қосымшасында тауарларына Kaspi Бонус беретін науқандарды іске қоса алады. Бұл жаңа тауарды тиімді өткізуге, қалған тауарды тезірек сатып жіберуге және сатылымды арттыруға мүмкіндік береді.
«Сатушы беретін бонус» сервисі компанияның басшысына, сондай-ақ басқарушыға немесе маркетинг менеджеріне қолжетімді
Сіз тауарларды, оларды өткізгіңіз келетін қалаларды, 5-60% аралығындағы бонусты және мерзімін өзіңіз таңдайсыз. Науқанның баптауын кез келген уақытта өзгертуге болады.
Тауар үшін бонустың мөлшері Kaspi Pay шотынан әр сатылымнан автоматты түрде алынады. Kaspi Pay-дегі «Маркетинг» сервисінің жеке кабинетінен нәтижесін қадағалап, төленген бонустың сомасы туралы ақпаратты көруге болады.
Толығырақ: https://bit.ly/4aQTBjA
👍
1