
Білім мәжілісі
28 subscribers
Similar Channels
Swipe to see more
Posts

Шафиғи мәзһабында барлық ғибадат түрлерінде ниетті тілмен айту – мұстахап (жақсы іс) саналады. Фиқһ ғалымдарының қызықты бір оқиғасы ретінде шауфиғи мәзһабының ғалымы имам Әбу әл-Фадл Һамаданидің сөзін келтіреді: «Менің әкем – фиқһ ғалымы еді. Ол мені ұрмақ болса, алдымен: “Алла бұйырғандай, баламды тәрбиелеу ниетімен ұруға ниет еттім”, – деп ниет ететін. Содан соң барып мені ұратын. Ал ол ниет қылып, оны айтып болғанша, мен қашып үлгеретін едім!» [Дереккөз: «Бидая уан-Нихая», 12-том, 188-бет]

Отбасы – жанның мекені, ал намаз – сол мекенге Алланың нұрын түсіретін сәуле. Бір шаңырақ астында бірге сәжде еткен жүректер – бір-біріне мейірімді, кешірімді, сабырлы болады. Намазбен көркейген отбасы – бұл дүниеде тыныштықта, ақыретте жәннатта бас қосады.”

“Бала сәжде көрген үйде өссе, жүрегі мейіріммен, санасы иманмен толады. Әке намазда болса, ол – тәрбие. Ана дұғада болса, ол – қорған. Осындай үй – бұл дүниеде бейіштің көлеңкесі

“Бір дастарқаннан дәм татқан отбасы – бірліктің иісі болса, бір сапта тұрып Аллаға мадақ айтқан отбасы – шынайы рухани кемелдіктің үлгісі. Намаз – отбасындағы берекенің бастауы ғана емес, мәңгілік бақыттың кілті.”

“Намаз – отбасының рухани тынысы. Әке сәждеде көз жасын төксе, ана ішінен дұға етсе, бала олардың қасында иманды көреді – бұл тәрбие сөзбен емес, амалмен берілетін ұлы үлгі. Осындай отбасында сабыр мен сүйіспеншілік – табиғи күйге айналады.”

Егер әр шаңырақта таң намазы – ояну, бесін – тынығу, ақшам – бірігу, құптан – қорған бола алса, сол үйге шайтан жоламайды. Намаз – отбасын шайтаннан сақтайтын ең мықты қамал.”