
Білім мәжілісі
May 16, 2025 at 01:07 PM
Шафиғи мәзһабында барлық ғибадат түрлерінде ниетті тілмен айту – мұстахап (жақсы іс) саналады.
Фиқһ ғалымдарының қызықты бір оқиғасы ретінде шауфиғи мәзһабының ғалымы имам Әбу әл-Фадл Һамаданидің сөзін келтіреді:
«Менің әкем – фиқһ ғалымы еді. Ол мені ұрмақ болса, алдымен: “Алла бұйырғандай, баламды тәрбиелеу ниетімен ұруға ниет еттім”, – деп ниет ететін. Содан соң барып мені ұратын. Ал ол ниет қылып, оны айтып болғанша, мен қашып үлгеретін едім!»
[Дереккөз: «Бидая уан-Нихая», 12-том, 188-бет]
👍
😂
4