
Бала тәрбиесі
168 subscribers
Similar Channels
Swipe to see more
Posts

Керемет жаңалық. Бұл – мемлекет тарпынан жасалған үлкен қолдау және зор қамқорлық. Ел болашағының нұрлы болуы ұрпақтардың қаншалықты «ғылымды құдіретке» айналатынына байланысты. Осы жолда бұл бастаманың балаларға тигізер пайдасы аз емес деп ойлаймын.


Өзекті тақырып. Жасөспірім қыздарға арналған қауіпсіздік ережелері. Қыздарыңызға жіберіңіздер.

Балаларымыз кімге еліктейді?! Бұл – ата-аналардың алдында тұрған күрделі сұрақтың бірі. ⠀ Ұл-қызымызға кішкентай кезінен-ақ елге ұстын болған белгілі тұлғаларды үлгі етіп көрсетуіміз керек. Олардың өнегелі істерін, еліміздің тарихына, мәдениетіне, ғылымына қосқан үлесін жиі дәріптеуге тиіспіз. Қазір цифрлық заман. Балаға ұлы тұлғаларымызды визуалды түрде үлгі етуге мүмкіндік көп. Сондай мүмкіндіктің бірін «Қазақстан» РТРК ұсынып отыр. 20 наурыздан бастап «Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмі прокатқа шығады. 10 бөлімді анимациялық сериал бұған дейін Balapan Телеарнасының эфиріне шыққан болатын. Енді сол он серия толықметрлі бір фильмге жинақталып беріліп отыр. Бұл ғалымның әйгілі сапары. Бала түгілі ересектер аудиториясына да қызық деп ойлаймын! Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы