
Бала тәрбиесі
February 27, 2025 at 01:13 PM
Балаларымыз кімге еліктейді?! Бұл – ата-аналардың алдында тұрған күрделі сұрақтың бірі.
⠀
Ұл-қызымызға кішкентай кезінен-ақ елге ұстын болған белгілі тұлғаларды үлгі етіп көрсетуіміз керек. Олардың өнегелі істерін, еліміздің тарихына, мәдениетіне, ғылымына қосқан үлесін жиі дәріптеуге тиіспіз.
Қазір цифрлық заман. Балаға ұлы тұлғаларымызды визуалды түрде үлгі етуге мүмкіндік көп. Сондай мүмкіндіктің бірін «Қазақстан» РТРК ұсынып отыр.
20 наурыздан бастап «Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмі прокатқа шығады. 10 бөлімді анимациялық сериал бұған дейін Balapan Телеарнасының эфиріне шыққан болатын. Енді сол он серия толықметрлі бір фильмге жинақталып беріліп отыр.
Бұл ғалымның әйгілі сапары. Бала түгілі ересектер аудиториясына да қызық деп ойлаймын!
Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы
👍
1