Рисале-й Нұр кітәбім WhatsApp Channel

Рисале-й Нұр кітәбім

97 subscribers

About Рисале-й Нұр кітәбім

Рисалей Нұр кітәптары Автор бадиуззаман Саид Нұрси https://wa.me/77064061602

Similar Channels

Swipe to see more

Posts

Рисале-й Нұр кітәбім
Рисале-й Нұр кітәбім
2/24/2025, 2:17:27 PM

https://t.me/risaleinurkitabym

Рисале-й Нұр кітәбім
Рисале-й Нұр кітәбім
2/18/2025, 3:43:37 PM
Image
Рисале-й Нұр кітәбім
Рисале-й Нұр кітәбім
2/18/2025, 3:45:26 PM
Image
Рисале-й Нұр кітәбім
Рисале-й Нұр кітәбім
2/18/2025, 3:45:49 PM

ЛЕМАЛАР - Алланың барлығы, бірлігі және есімдерінің осы әлемдегі көріністері; атомнан бастап галактикаларға дейінгі барлық нәрсе – Оның жаратқаны және туындысы екендігі. - Материалист болып, ақылын көзіне байлағандарды үнсіз қалдырып, кейбірін, иншаллаһ, иманға әкелетін "Табиғат рисаласы". - Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі болсын) өмірі – нағыз бақыттың және адамша өмір сүрудің жалғыз жолы. - Алауилік және Шиалық дегеніміз не? Олардың негізінен Әһлі сүннетпен айырмашылықтары қандай? Және шешімдері қандай? - Үнемшілдіктің қаншалықты қажетті екендігі, ысыраптың қаншалықты зиянды екендігі. - Ауруларға шынайы жұбаныш беретін шипалар. - Қарттықтың шынайы мәні және иманды қарттықтағы рухани қуаныш пен ләззаттар. - Әйелдің жабыну (хиджаб) әмірінің себептері мен хикметтері. - Ихлас (шын ықылас) қалай алынады және қалай сақталады? - Қай ләззаттар шынайы, қайсысы алдамшы? "Рисале-и Нұр" жинағындағы "ЛЕМАЛАР" кітабы өміріңізге тыныштық беретін жаңа мағыналар сыйлайды.

Рисале-й Нұр кітәбім
Рисале-й Нұр кітәбім
2/18/2025, 3:44:45 PM

МЕКТУБАТ - Таухид (Алланың бірлігі) ақиқатының сүйіншіленіп, тәтті тілмен түсіндіріліп, дәлелденуі. Аллаға серік және ортақ қосудың мүмкін еместігі. - Бізге неге дұға қажет? Кейде дұға етеміз, бірақ қабыл болмайды. Неге? - Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі болсын) үш жүзден астам мұғжизасы. - Алла Тағала неге шайтанды және басқа зиянды жаратылыстарды жаратты? - Құран неге адамдардың сөйлеу стиліне ұқсас және неге Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі болсын) әрбір әрекеті мұғжиза емес? - Алланы таныған мен танымайтын адамның не табатыны және неден айырылатыны... - Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі болсын) некелеріне жасалған сындар және олардың жауаптары. - Адам ата (оған сәлем болсын) не үшін Жұмақтан шығарылды? - Иман мен Исламның айырмашылығы неде? - Рамазан оразасының хикметтері мен пайдасы. - Ислам бауырластығына зиян келтіретін жағдайларға қарсы сүйіспеншілік, төзімділік және бірлік қалай қамтамасыз етіледі? - Исламда ұлтшылдық бар ма? - Исламда реформа жасауға бола ма? Реформаторларға берілген Құрандық жауаптар. - Өлім де өмір сияқты нығмет. Қалай? Және осындай көптеген қызықты мәселелердің түсіндірмесін "Рисале-и Нұр" жинағындағы "МЕКТУБАТ" кітабынан таба аласыз.

Рисале-й Нұр кітәбім
Рисале-й Нұр кітәбім
2/18/2025, 3:42:36 PM

СӨЗДЕР - Бисмилләнің сыры және бүкіл жаратылыстың хәл тілімен қалай "Бисмилләһ" дейтіні. - Алланы және Оның бірлігін – заты, сипаттары және әлемдегі әрекеттері арқылы тану. - Намазды қоса алғанда, Аллаға құлшылық етудің мәні мен қажеттілігі. - Ибн Сина сияқты данышпанның өзі "Қайта тірілуге сенеміз, бірақ ақыл бұл жолда жүре алмайды" деген өлгеннен кейін қайта тірілудің ең қарапайым адам да түсіне алатын түрде түсіндіріліп, дәлелденуі. - Құранның Алланың сөзі екендігінің дәлелі. Дінсіз философияның кейбір Құран аяттарына айтқан қарсылықтарына ғылыми және дәлелді түсініктемелер. - Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбарлығының анық, жарқын және берік дәлелдермен түсіндіріліп, дәлелденуі. - Тағдыр деген не? Бұл сұрақтың ешбір шығармада кездеспейтін кемелдікпен түсіндіріліуі. - Періштелердің, жындардың және басқа рухани жаратылыстардың Құрандағы, ақылға қонымды, логикалық дәлелдермен түсіндіріліп, дәлелденуі. - Қоғам мен жеке тұлғаның түзелуі үшін қажетті рухани шаралар. Бұлар сияқты көптеген мәселелер мен сұрақтардың ең керемет жауаптарын "СӨЗДЕР" кітабынан оқып, зерттеуші иманға қол жеткізіп, иманның сыйлайтын шынайы ләззаты мен бақытын сезінесіз.

Рисале-й Нұр кітәбім
Рисале-й Нұр кітәбім
2/18/2025, 3:43:39 PM

ШҰҒАЛАР - Ғалам жаратушысын қалай көрсетеді? - Ғаламнан жаратушысын іздеген саяхатшының бақылаулары... - Таухид (Алланың бірлігі) және Шахадат сөздерінің ақиқатының түсіндіріліп, дәлелденуі. - Құран аяттарының үштен біріне жуығы қозғайтын өлімнен кейінгі тірілу туралы ғылыми және ақылға қонымды түсініктемелер. - Ахиретке сенімнің дүние тыныштығы мен бейбітшілікті қамтамасыз ететіні... - Ақырзаманға қатысты кейбір маңызды хадистердің еш жерде кездеспейтіндей дәлдікпен түсіндіріліп, жорамалдауы. - Алла мен адамгершілік туралы айтудың тыйым салынған кезеңінде Құран ісінің ерлікпен қорғалуы... - "Әт-Тахият" және "Фатиха" сүрелерінің керемет тәпсірлері. Иә, "ШҰҒАЛАР" – Құран мен Исламға қызмет етуді мақсат еткен әрбір адамның үнемі оқуы керек кітап.

Рисале-й Нұр кітәбім
Рисале-й Нұр кітәбім
2/13/2025, 10:42:01 PM
Image
Рисале-й Нұр кітәбім
Рисале-й Нұр кітәбім
2/1/2025, 1:30:13 PM
Image
Рисале-й Нұр кітәбім
Рисале-й Нұр кітәбім
2/13/2025, 10:42:01 PM
Image
Link copied to clipboard!