Azattyq – Азаттық
February 3, 2025 at 09:08 AM
🔴 Қазақстанда тұратын орыс ұлтының өкілдері QazNews24 сатиралық паблигінің авторы, қазір қамауда отырған Темірлан Еңсебекті қорғау акциясын бастады
Олар белсенді саяси әжуаға бола қудалауға ұшырады деп біледі. Билік істің саяси астары жоқ дейді.
🎶 Темірланды қорғау акциясын бастауға оның қызы – Мария Кочнева мұрындық болды. Бойжеткенді мұндай қадамға баруға биліктің Еңсебекке "Йоу, орыстар" деген әнді паблигіне көшіріп жариялағанына бола араздық қоздырды деген айып таққаны итермелеген.
Ол ресейшіл блогерлер бұл әнді "орысша сөйлейтіндерге қазақтардың қысым жасайтындығына дәлел-мыс" деп көрсетпек болғанымен, шын мәнінде олай емес дейді.
🇰🇿 Қазақстан билігі заңға қайшы келеді деп санайтын контенттерді анықтау мақсатында қазір әлеуметтік желілерді жіті бақылап, мониторинг жүргізіп отырады.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз: https://smarturl.click/mpmMB
ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq
👍
😂
🖕
❤️
☺️
🇰🇿
🇵🇼
🇹🇷
🐽
👎
26