Azattyq – Азаттық WhatsApp Channel

Azattyq – Азаттық

98.9K subscribers

Verified Channel

About Azattyq – Азаттық

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/ 📍Telegram: https://t.me/azattyq 📍Telegram rus: https://t.me/RadioAzattyq

Similar Channels

Swipe to see more

Posts

Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
6/20/2025, 4:18:16 AM

*Қазақстан мұнайының 80 пайызын тасымалдайтын консорциум Украинамен соттаспақ* Қазақстан мұнайының 80 пайызын шетелге тасымалдайтын Каспий құбыр консорциумы Украинаға қарсы халықаралық сотқа шағымданбақ. Биыл ақпанда КҚК-ның "Кропоткинская" мұнай айдау станциясына Украина дронмен шабуыл жасаған еді. КҚК сол шабуыл кесірінен 18 млрд теңгедей шығын келді деп мәлімдеген. Ресейдің басқыншылық соғысына қарсы тұрып, өзін өзі қорғап отырған Украинаны сотқа беру, оған Қазақстанның араласуы қаншалықты әділетті болады? Депутаттар, сарапшылар не дейді? https://smarturl.click/9oebv

😂 🇺🇦 👍 😨 😮 10
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
6/20/2025, 3:14:22 AM

*Украина Садықовтың өліміне күдіктілерге іздеу жарияланғандықтан тергеуді тоқтатқан* Украина ұлттық полициясы оппозициялық блогер, "Бәсе" YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовтың қазасына күдіктілер Украинадан шығып кетіп, оларға іздеу жарияланғандықтан сотқа дейінгі тергеуді тоқтатқан. Бұл туралы Азаттыққа Украина бас прокуратурасы хабарлады. https://smarturl.click/oVlxD

😢 😮 🫩 6
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
6/10/2025, 4:47:44 AM

Израиль бұрын өз қорғаныс армиясында (ЦАХАЛ) болған әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін Украинаға берді. Бұл туралы 9 маусым күні Израильдің Киевтегі елшісі Михаил Бродский хабарлады. Әңгіме Израиль армиясы 1990 жылдардың басынан бері қолданып келген америкалық Patriot жүйелері туралы болып отыр. "Біз бір кездері АҚШ-тан алған Patriot жүйелері қазір Украинада. Бұл – Израильдің қару-жарағында 1990-жылдардың басында болған жүйелер. Біз оларды Украинаға беруге келістік. Бұл жайында, өкінішке қарай, аса көп айтылған жоқ. Бірақ Израиль әскери көмек көрсеткен жоқ деген сөздер шындыққа жанаспайды. Ол – жалған", – деп мәлімдеді елші. Толығырақ: https://smarturl.click/E1G11

👍 ⚖️ ❤️ 🌽 👆 🖕 😢 🤡 28
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
6/10/2025, 1:13:34 PM

❗ НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте альянсқа мүше елдерді қорғаныс әлеуетін түбегейлі арттыруға, соның ішінде НАТО-ның әуе және зымыранға қарсы қорғаныс қабілетін 400 пайыз ұлғайтуға үндеді. Бұл – Ресей тарапынан төнетін қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұру үшін қажет деп санайды ол. > "Біз Ресейдің Украинада әуеден террор сеуіп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан біз аспанымызды қорғайтын қалқанымызды күшейтеміз", – деп мәлімдеді НАТО бас хатшысы. Рюттенің пікірінше, Ресей әскери қуатын белсенді түрде арттырып жатыр және енді бес жыл ішінде НАТО-ға қарсы қарулы күш қолдануға дайын болуы мүмкін. Рютте егер НАТО елдері қорғанысқа ЖІӨ-нің 5 пайызын бөлуді қамтамасыз ете алмаса, оның салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертті. Толығырақ: https://smarturl.click/xVddY

👍 😮 🇰🇿 🇵🇼 🤣 13
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
6/10/2025, 4:40:53 AM

🔴 "Ресейге баратын Қазақстан азаматтары күтпеген жағдайға тап болмауы және шекарада қиындық туындамауы үшін әуелі шекарадан өтудің жаңа талаптарымен алдын ала танысып шығуы қажет", – деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров дүйсенбі күні БАҚ өкілдеріне арналған брифингте. Журналистердің "Қазақстан Ресейге жауап ретінде дәл сондай шара қолдана ма?" деген сұрағына СІМ өкілі: "Бұл мәселені өте мұқият зерттеп жатырмыз және де бұл біздің мемлекеттік органдармен кеңесуімізді қажет етеді" деп жауап берді. Бұған қоса СІМ өкілі Ресей енгізген шекарадан өтудің жаңа ережелерін виза режимімен салыстыруға болмайтынын айтты. "Кейбір БАҚ өкілдері қарапайым көші-қон талаптарын Ресей визалық режим енгізіп жатыр деп тақырып қойып жазып жатыр. Бізде Ресеймен визасыз режим бар және ол сақталады. Бұл тек қана шекарадан өту тәртібі бойынша қойылған талаптар", – деді Смадияров. Толығырақ: https://smarturl.click/vdYdw

💩 🇺🇦 🌽 👍 😮 🙏 🤡 🤮 🪿 12
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
6/10/2025, 4:51:44 AM

🇺🇸 АҚШ президенті Дональд Трамп Калифорния штатының губернаторы, демократ Гэвин Ньюсомды тұтқындауды қолдайтынын мәлімдеді. Ақ үй басшысының дүйсенбі күні айтқан бұл сөзі Лос-Анджелестегі заңсыз иммигранттарды анықтау рейдтеріне қарсы наразылықтар өтіп жатқан шақта екі саясаткердің арасындағы шиеленісті одан әрі күшейтті. Президент пен губернатор арасындағы жағдай Ньюсом Оңтүстік Калифорнияға Ұлттық гвардияны өзінің келісімінсіз орналастырғаны үшін федералды билікті сотқа беретінін мәлімдегеннен кейін ушықты. Ньюсом Трамптың әрекетін заңсыз деп атап, оны "жанжалды тұтатты" деп айыптады. Федералды заңға сәйкес, президент Ұлттық гвардияны елге басқыншылық жасалғанда, бүлік шыққанда немесе заңды орындауға жергілікті құқық қорғау органдарының қауқары жетпеген жағдайда ғана қолдана алады. Толығырақ: https://smarturl.click/xVdVY

👍 😂 🇺🇸 ❤️ 😮 ☑️ 🌽 🐢 31
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
6/10/2025, 1:07:59 PM

🇺🇦🇷🇺 9 маусымда Ресей мен Украина 25 жасқа дейінгі әскери тұтқындарды алмасудың алғашқы кезеңін өткізді. Бұл жөніндегі келісім 2 маусымда Стамбұлда өткен екі елдің делегацияларының келіссөзінде жасалған. Екі тарап бір-біріне ауыр халдегі әскери тұтқындарды да қайтарып берді. Олар "бірге-бір" әдісімен тұтқын алмасқанын хабарлағанымен, нақты қанша адам екенін айтпады. Ресей де, Украина да бұл – тұтқын алмасудың алғашқы кезеңі екенін ерекше атап, тұтқын алмасу алдағы күндері де жалғасатынын айтып отыр. Толығырақ: https://smarturl.click/oVljD

❤️ 🇵🇼 🐺 👍 😮 🙏 🥰 11
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
6/9/2025, 10:47:51 AM

💥 Дүйсенбі, 9 маусымға қараған түні Ресей күштері Украинаға тағы да шабуылдап, дрондар мен зымырандар қолданды. Киевте шабуыл салдарынан Дарница ауданындағы кеңсе ғимараты бүлінгенін қала әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченко өз Telegram-арнасында хабарлады. > "Ровно облысы үшін өте ауыр түн болды... Алдын ала мәліметтер бойынша, бір бейбіт тұрғын жараланған", – деп жазды осы облыстың әскери әкімшілігінің басшысы Александр Коваль Telegram-да. Маңызды көлік торабы саналатын Дубно қаласы мен Ровно қаласына шабуыл жасалған. Ресейлік әскери блогерлердің болжамынша, шабуыл нысанасына әскери аэродром алынған болуы мүмкін. Дрон шабуылы салдарынан Днепропетров облысында да бүлініп, қираған нысандар тіркелді. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Черкассы облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Игорь Табурец аймақта әуе қорғаныс күштері Ресейдің 33 дронын атып түсірді деп хабарлады. Толығырақ: https://smarturl.click/4OpMg

😡 😢 👍 😮 🙏 ❤️ 🆗 🇰🇿 🇵🇼 24
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
6/10/2025, 1:24:28 PM

🔴 Өзбекстан үкіметі Мәскеуде жүргізілген рейд кезінде шетелдіктерге – олардың арасында Өзбекстан азаматтары да болуы мүмкін – күш қолданылғаны туралы хабарламаларға байланысты мәлімдеме жасады. > "Ресей Федерациясы үкіметінің және ірі жұмыс берушілердің жыл сайын Өзбекстан азаматтарын ұйымдасқан түрде жұмысқа тартуға қызығушылығы артып отырған шақта, құқық қорғау органдарының кейбір өкілдерінің шетел азаматтарына дөрекілік танытуы қынжылыс пен алаңдаушылық тудырады", – деген Өзбекстан Көші-қон агенттігі мәлімдемесінде. Осының қарсаңында әлеуметтік желілерде ресейлік күштік құрылым өкілдерінің әлдебір ғимаратқа баса-көктей кіріп, мигранттарды ұрып-соққаны түсірілген видео тараған. Онда арнайы жасақтың кейбір сарбаздары Ресейге Орталық Азия елдерінен барған жұмысшыларға нәсілдік тұрғыдан кемсітіп, қорлайтын сөздер айтқаны көрсетілген. Толығырақ: https://smarturl.click/0Bppm

👍 🇵🇼 ❤️ 🇰🇿 🌎 😂 😢 🤣 19
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
6/10/2025, 1:18:51 PM

❗ 10 маусымда Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаштың ісі бойынша сот процесі басталды. Бұрынғы әйелі Карина Ғұсман "Мамаш отбасында әңгіртаяқ ойнатып, мені ұрып-соқты" деп айыптап отыр, деп хабарлады Азаттық Азия. Сейсенбі күні өткен сот отырысында судья Артур Абдыханов жәбірленуші тараптың сот процесін жабық өткізу туралы өтінішін ішінара қанағаттандырды. Журналистер тек үкім оқылған кезде қатыса алады. Толығырақ: https://smarturl.click/AxeeR

👍 😮 🇵🇼 🌎 11
Link copied to clipboard!