Azattyq – Азаттық
                                
                                    
                                        
                                    
                                
                            
                            
                    
                                
                                
                                February 3, 2025 at 12:53 PM
                               
                            
                        
                            🔴 *Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы Баку – Астрахан – Баку бағытындағы жолаушы рейсін қауіпсіздік мақсатында белгісіз мерзімге тоқтата тұратынын хабарлады*
🇷🇺 Астрахан облысының басшысы 3 ақпанға қараған түні Украина дрондары өңірге шабуыл жасады деп мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, дрондар отын-энергетика кешенін, атап айтқанда, газ өңдеу зауытын нысанаға алған болуы мүмкін.
🛬 BBC агенттігінің жазуынша, 3 ақпанға қараған түні Ресейдегі тоғыз әуежай жұмысын уақытша тоқтатқан.
Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі Embraer жолаушы ұшағы былтыр 25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңына құлаған. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29-ы тірі қалды.
🇦🇿 Ұшақ апатынан кейін Azerbaijan Airlines Бакуден Ресейдің Минеральные Воды, Сочи, Волгоград, Уфа, Самара, Саратов, Нижний Новгород, Владикавказ, Грозный, Махачкала, Қазанға ұшатын рейстерді уақытша тоқтатқан еді.
ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq
                        
                    
                    
                    
                    
                    
                                    
                                        
                                            👍
                                        
                                    
                                        
                                            ❤️
                                        
                                    
                                        
                                            🇰🇿
                                        
                                    
                                        
                                            🇵🇼
                                        
                                    
                                        
                                            🇹🇷
                                        
                                    
                                        
                                            😢
                                        
                                    
                                        
                                            🤲
                                        
                                    
                                    
                                        20