Azattyq – Азаттық
                                
                                    
                                        
                                    
                                
                            
                            
                    
                                
                                
                                February 4, 2025 at 09:51 AM
                               
                            
                        
                            🔴 *3 ақпан кешке Орал іргесіндегі 12 мыңдай адам тұратын "Құс фабрикасы" саяжайының халқы маңайдағы жолды жауып тастады*
Электр энергиясына жауапты компания саяжайдың жарығын миллиондаған қарызы үшін кесіп тастап, күні бойы жұртты жылусыз, жарық пен сусыз қалдырған. Бұл туралы жергілікті Sarapshy.info сайты хабарлады.
💸 Саяжай тұрғындары жарық ақысын уақытында төлегенін айтқан. Ал жарық беруші компания саяжайдың қазір 71 млн теңге қарызы барын алға тартқан.
"Құс фабрикасы" бау-бақша серіктестігінің қазіргі төрағасы Асхат Әнесұлының сөзінше, өзіне дейін басшы болған адам ақшаны "Батыс Қазақстан аймақтық электр желісі компаниясына" төлемей келген.
🚨 Sarapshy.info тілшісінің ақпаратынша, бау-бақша серіктестігінің бұрынғы төрағасы наразылықта болмаған. Жиналғандарға қала әкімдігі мен прокуратура өкілі барған. 
Компания жарықты қайта қосып, қарыз жөнінде келіссөз жүргізетін болды. Әкімдік тұрғындармен ақылдасып, алда не істейтінін шешпек.
ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq
                        
                    
                    
                    
                    
                    
                                    
                                        
                                            😢
                                        
                                    
                                        
                                            😮
                                        
                                    
                                        
                                            ❤️
                                        
                                    
                                        
                                            🇰🇿
                                        
                                    
                                        
                                            🇵🇼
                                        
                                    
                                        
                                            🇹🇷
                                        
                                    
                                        
                                            👍
                                        
                                    
                                        
                                            🖕
                                        
                                    
                                        
                                            😡
                                        
                                    
                                        
                                            🙏
                                        
                                    
                                    
                                        16