Azattyq – Азаттық

Azattyq – Азаттық

98.9K subscribers

Verified Channel
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
February 4, 2025 at 11:40 AM
🔴 *Ресей мен Қазақстанда ұсталып, былтыр желтоқсанда Өзбекстанға экстрадиция жасалған қарақалпақ белсенділері – Жеткербай Әбдіраманов пен Ринат Утамбетов Нөкістегі тергеу абақтысына қамалды* Олар бұған дейін Ташкентте қамауда отырған. Бұл туралы Адам құқығы жөніндегі Түркімен Хельсинки қоры хабарлады. Қордың мәліметінше, 2023 жылы Ташкент екі белсендінің үстінен "Өзбекстанның конституциялық құрылымына қол сұғу" және "Қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін материал тарату" баптары бойынша қылмыстық іс қозғап, халықаралық іздеу жариялаған. Құқық қорғаушылар мен белсенділер 2024 жыл қарақалпақтар құқығы тапталып, оппозиция өкілдерін қудалау күшейген жыл болды дейді. Ресми Ташкент кейінгі бір жылда ел ішінде интернеттегі белсенділікті басып, шет елдердегі белсенді қарақалпақ азаматтарын экстрадициялауға тырысты. ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq
👎 😢 😮 👍 🇰🇿 🤬 🇵🇼 🇹🇷 😂 😡 28

Comments