Azattyq – Азаттық

Azattyq – Азаттық

98.9K subscribers

Verified Channel
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
February 4, 2025 at 01:37 PM
🔴 Қазақстанның көлік министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеудің алдын ала қорытындысы алдағы күндері жарияланады деп хабарлады 4 ақпанда көлік министрі Марат Қарабаев "мамандар көп жұмыс істеп жатыр, есепті аяқтап қалды" деп мәлімдеді. 🗣 "Ұшақ апатын тергеуге халықаралық сарапшыларды тарттық деп бұған дейін де айтқанбыз. Олардың бәрі бірге жұмыс істейді. Тергеу аяқталып қалды. Алдағы күндері алдын ала есеп шығады деп күтіп отырмыз. Ол біздің ресми сайтта жарияланады. Мамандарға жұмысты аяқтауға уақыт қажет. Алдағы күндері есеп шығады деп уәде беремін. Өзім жеке танысып шықтым" деді министр. ✈️ IKAO (Азаматтық авиация жөніндегі халықаралық ұйым) ережесі бойынша, алдын ала есеп ұшақ апатынан кейін 30 күн ішінде жариялануы керек. Қаңтардың басында ұшақтың қара жәшіктеріндегі мәліметтерді саралау аяқталып, деректер Қазақстанға жіберілген еді. ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq
👍 🇰🇿 📐 😂 ❤‍🩹 ❤️ 🇵🇼 🇹🇷 🐽 👎 22

Comments