
Azattyq – Азаттық
February 5, 2025 at 05:16 AM
🔴 Ақтау маңында құлаған AZAL ұшағы апаты жайлы алдын ала есепте не айтылған?
Ұшақ Грозный әуежайына қонуға екі рет талпыныс жасағанымен, онысы сәтсіз болған. Ақыр соңында экипаж Әзербайжан астанасына оралуды ұйғарған.
🔺 05:13:30 UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт), ұшақ Грозный әуежайы үстінен көкке самғап бара жатқан кезде GPS белгісінің екеуі де жоғалып кеткен. Есепте оның себебі айтылмаған. Басқа жүйелер әдеттегідей жұмыс істеп тұрған.
🔺 05:13:31 – ұшақтың тіркеу жүйесі "соққы дыбысын" жазып алған, автопилот пен тартқыш автомат ажырап қалған. Үш секундтан кейін ұшақ рульдері мен доңғалақтарын қозғалтатын гидравликалық жүйедегі қысым мен сұйықтық деңгейі нөлге түсіп кетіп, басқаруға көнбеген. Бұдан кейін басқа жүйелер де істен шыға бастаған.
🔺 05:13:39 – ұшақ кабинасында саңылау пайда болған.
🔺 05:13:56 – екінші мәрте "соққы дыбысы" тіркелген. Экипаж командирімен сөйлескен стюардессалар салонда "екі орындық жарылғанын" хабарлаған: https://smarturl.click/gpWLB
ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq
😢
😂
😡
👍
❤️
🇵🇼
🇷🇺
🇹🇷
🔞
🖕
25