Azattyq – Азаттық

Azattyq – Азаттық

98.9K subscribers

Verified Channel
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
February 5, 2025 at 06:40 AM
🔴 Ақтаудағы ұшақ апатынан тірі қалған 29 адамның бірі – Нурулла Сираджов. Есінде ұшақ құлар алдында не болғаны бүге-шүгесіне дейін қалыпты. Айтуынша, Бакуден ұшып шыққаннан кейін шамамен 40 минут өткенде қатты соққыны сезген: гүрс еткен дыбыс естіліп, ұшақ шайқалып кеткен. Шошып кеткен жолаушылар үрейленіп, айғайлап, азан-қазан болған. 🗣 "Аяғым қатты ауырып кетті, құдды жараланып қалғандай сезіндім. Қолыммен ұстап көріп едім, ештеңе байқамадым. Адамдар орнынан тұрып, әйелдер жылай бастады. Стюардессалар: "Қорықпаңыздар, орындарыңызға отырыңыздар" деп жұртты сабырға шақырды. Барлығы қайтадан орнына отырды, сол сәтте тағы бір соққы сезілді. Бұл жолы [біріншісінен де] қатты болды. Өзімнен бірнеше метр тұстан ұшақта тесік пайда болғанын көрдім, "қыр-қыр" етіп ауа кіріп жатқаны естілді. Ұшақ жіпке ілінген зат құсап, біресе жоғары көтеріліп, біресе төмен түсіп, оң мен солға теңселіп, шайқалып кетті. Адамдар айғай-шуға басты. Бір қыз: "Аяғым-ай, аяғым!" деп жылады. Бізбен бір ауылда тұратын тағы бір ер адам: "Бүйрегім!" деп айғайлады. Жарықшақ па, жоқ әлде басқа зат тиді ме, білмеймін. Мен ұшақтың құйрық жағында отырғам, оның айғайын естідім, бірақ өзін көрген жоқпын" деді 71 жастағы Сираджов. ✈️ Сираджовтың сөзі ұшаққа сырттан бөгде заттар тиген деген болжамды растайды. Видеода оның ұшақ апатынан кейін ауыр жараланған зайыбын алғаш көрген сәті бейнеленген. 🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз: https://smarturl.click/Yz8mv ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq
😢 🇵🇼 🇹🇷 👍 😞 😡 😭 🙃 🙏 22

Comments