
Azattyq – Азаттық
February 5, 2025 at 08:48 AM
📹 Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі Еуроодақтың Ресейге қарсы 16-санкция пакетіне ілігуі мүмкін деген елдегі екі компания туралы қолында ресми ақпарат жоғын айтты
Вице-министр Қайрат Төребаев Еуропа одағы Қазақстандағы компанияларды санкция тізіміне қосу-қоспауды егжей-тегжейлі зерттеген соң шешім қабылдайды деп мәлімдеді.
🗣 "Санкция мәселесі өте күрделі. Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің қарамағында жұмыс тобы бар, онда министрліктің бәрі санкция мәселесін қарастырады. Бізде бірнеше адам санкциялар жөнінде Еуроодақпен және АҚШ-пен тікелей байланыста" деді Төребаев.
Ол бұл мәселеге қатысты Астана барлық ақпарат пен тетікті беріп отыр деді.
Шенеуніктің айтуынша, Қазақстан санкциялар бойынша бейресми түрде келіссөздер жүргізіп жатыр.
🗣 "Қазақстандағы компаниялар санкция пакетіне ілігетін болса, не істейсіздер?" деген Азаттық сұрағына сауда және интеграция вице-министрі "бізде әртүрлі хаттама бар, [алда] олардың қандай мәселе бойынша анықталғанын көреміз" деп жауап қатты.
ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq
👍
🤡
🇵🇼
🇹🇷
😂
😢
12