
Azattyq – Азаттық
February 5, 2025 at 12:21 PM
*🔴 Қазақстанның бес өңіріндегі жүздеген елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр*
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов "бәрін топан су басып кетпейді, бірақ қатер бар" деді.
Министрдің дерегінше, Батыс Қазақстан облысында – 186 елді мекенге, Қарағанды – 150, Ақмола – 144, Солтүстiк Қазақстан – 116, Шығыс Қазақстанда 72 елді мекенге қауіп бар.
🗣 "Су тасқыны бойынша нақты 1400 іс-шара істеліп жатыр, бізде жаңадан құрылған төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің өкілдері ақпанда дайындықты тексереді. Комиссия өңірлердің бәрін аралап, тексеріп шыққан соң қорытындысын береміз" деді Әрінов.
ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq
😮
😢
☝
🇹🇷
👀
👍
👎
😂
😡
🙏
15