Azattyq – Азаттық

Azattyq – Азаттық

98.9K subscribers

Verified Channel
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
February 5, 2025 at 02:55 PM
🔴 *"Журналистерді қорғау комитеті" (CPJ) Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебектің қамалғанын айыптады* CPJ Қазақстан билігі Еңсебекті босатып, оған тағылған айыпты алып тастауға тиіс деген мәлімдеме жасады. 🗣 "Еңсебекке тағылған айып оны өткір саяси сатирасы үшін қудалап жатыр деген алаң туғызады" деді комитеттің Еуропа мен Орталық Азиядағы бағдарламаларын үйлестіруші Гүлноза Саид. CPJ-ге пікір берген Еңсебектің адвокаты Жанар Балғабаева белсендіге тағылған айыпты "орынсыз", бұл оны түрмеге жабуға "сылтау ғана", Еңсебек "Йоу, орыстар" деген әннің авторы емес және оны шырқамаған деп айтқан. Еңсебек осы әнге байланысты тергеуге алынған. 🔵Полиция Еңсебек "тұтас бір этнос өкілдерін қорлайтын материал жариялады" деді. 🔵Бұған дейін International Partnership for Human Rights, Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігін Темірлан Еңсебекті босатуға үндеген. ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq
👍 ❤️ 🇰🇿 🇵🇼 🇹🇷 👌 💋 🔢 😂 😢 22

Comments