
Azattyq – Азаттық
February 14, 2025 at 03:43 PM
📹 Алматыдағы Feminita феминистік ұйымының іс-шарасына бірнеше адам кедергі келтіріп, жиын өтіп жатқан қонақүйдегі конференц-залдың есігін сындырмақ болды
Белсенді Ақторғын Ақкенжебаласының Азаттыққа айтуынша, Feminita онда адам құқығы бойынша тренинг өткізіп жатқан.
Белсендінің айтуынша, шараға кедергі келтірген топ оларды "шетел агенті" деп айыптай сөйлеген.
Әлеуметтік желіде осы шараға кіріп келген адамдар түсірді деген видео тарады. Ондаған адам отырған залдағы үстелде ЛГБТ туы жайылып тұр. Ал экранда "Қазақстандық ата-аналар одағы" бірлестігінің бұрынғы төрайымы Бағила Балтабаеваның аты-жөні жазылған. Балтабаева мен оның жақтастары әлеуметтік желідегі парақшасында ішкі істер министрлігі, прокуратура мен ұлттық қауіпсіздік комитетінен іс-шараны ұйымдастырушыларды жауапқа тартуды, ұйымның жұмысына тыйым салуды, Feminita мен оның белсенділерін экстремист деп тануды талап еткен.
🔗Толығырақ: https://smarturl.click/opBEB
ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq
👍
😢
👎
❤️
🖕
😂
🇵🇼
🇹🇷
👏
😡
47