
Azattyq – Азаттық
February 21, 2025 at 01:22 PM
🔴 *Алматының әкімшілік соты Feminita бастамасының негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаеваға да 393 мың теңге айыппұл салды*
Сот Секербаеваға "Тіркелмеген бiрлестiк қызметіне жетекшілік ету" бабы бойынша айып таққан. Бұл туралы белсендінің онлайн-сот отырысына қатысқан Азаттық Азия тілшісі хабарлады.
Секербаева өзіне тағылған айыпқа келіспейді. Белсендінің сөзінше, ол еш жерде қандай да бір қоғамдық бірлестік басшысы деп көрсетілмеген.
Бұған дейін әкімшілік сот Feminita-ның негізін қалаушылардың бірі Гүлзада Сержанды "тіркелмеген бiрлестiк қызметіне жетекшілік етті" деп айыптап, 393 мың теңге айыппұл салған.
13-14 ақпанда Алматыдағы Feminita бастамасының іс-шарасына бірнеше адам кедергі келтіріп, шараны тоқтатпақ болған. Белсенділердің айтуынша, Feminita онда адам құқығы бойынша тренинг өткізген. Feminita өкілдері шараға кедергі келтірген топтың үстінен арыз жазған.
"Қазақстандық ата-аналар одағы" бірлестігінің бұрынғы төрайымы Бағила Балтабаева мен оның жақтастары биліктен Feminita-ның жұмысына тыйым салуды, оның белсенділерін "экстремист" деп тануды талап еткен.
Feminita өзін әйелдердің, жыныстық азшылық өкілдерінің құқығын қорғайтын ұйым деп таныстырады. Олар әділет министрлігіне бірнеше мәрте құжат тапсырып, тіркеле алмағанын айтқан.
ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq

👍
❤️
😂
🇹🇷
👌
😡
😢
27