
Azattyq – Азаттық
February 23, 2025 at 05:04 AM
*Таралуы жағынан Ресейдегі екінші тіл саналатын татар тілінде сөйлесу кейінгі жылдары азайды*
Бұл татар ұлты өкілдерінің саны азаюымен байланысты: 2010 жылы елде 5,3 млн татар тұрған болса, 2021-де олардың саны 4,7 млн болған.
Татар тілі Ресейдің кейбір аймағында әлі де кең тараған, әйтсе де негізгі ошағы — *Татарстан*. Оның өзі кейінгі он жылда 400 мыңға жуық (20%) азайған.
*Азаттықтың Татар-Башқұрт редакциясы* татар ұлтының үш өкілімен сөйлесіп, қазіргі Ресейде аз ұлттардың тілінде сөйлеудің жайы қалай екенін, олардың ана тілі қандай қиындыққа кез болып отырғанын талқылады.
30 жастағы Талғат татар тілінде сөйлейтін отбасында дүниеге келген. Бірақ мектепте татар тілі пәні міндетті болса да, ана тілін үйренуге мүмкіндік аз болғанын мойындайды.
🔗_Толығырақ_ https://smarturl.click/e5nYq
ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ t.me/azattyq
😢
🇰🇿
🇵🇼
🇹🇷
🐽
🙏
🧐
19