
Azattyq – Азаттық
February 25, 2025 at 05:08 AM
🔴 *Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанда Киевте өткен "Украинаны қолдаймыз" деп аталған саммитте ондаған мемлекеттің басшысын қарсы алды*
🗣 "Лидерлер, онлайн да, оффлайн да біздің егемендігімізді, аумақтық тұтастығымызды қолдап жатыр. Бұл Ресейдің Украинаға қарсы негізсіз, қылмыстық соғысы екенін бәріміз түсіндік" деді Зеленский.
Ол Киевте 13 мемлекеттің лидерімен кездесті. 20-дан астам ел басшысы жиынға онлайн қатысты.
🗣 "Соғысты бастаған – Ресей" деді саммитке онлайн қатысқан Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер.
Ал Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен жиында Украинаға "құрал-жабдық пен оқ-дәрі жеткізу тездетілетінін" және 3,5 миллиард долларлық жаңа жәрдем көрсетілетінін айтып уәде берді.
🇪🇸 Испания үкімет басшысы Педро Санчес те 1 миллиард долларлық әскери жәрдем мен құрал-жабдық жөнелтетінін айтты.
🇨🇦 Ал Канада премьер-министрді Джастин Трюдо Киевке жаңа әсер жіберетінін және Ресейдің бұғатталған активтерін Киевке беретінін айтты.
ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq

👍
❤️
🇰🇿
🇺🇦
🇵🇹
🇵🇼
🇹🇷
💋
🖕
🙏
53