
Azattyq – Азаттық
February 27, 2025 at 05:37 AM
🔴 *Оңтүстік Кореяның барлау қызметі ақпанның басында Солтүстік Корея Ресейдің Курск облысына қосымша күш жіберді деп мәлімдеді*
Барлау қызметінің ақпаратын Оңтүстік Кореяның басылымдары жариялады. BBC агенттігінің жазуынша, нақты қанша әскер жіберілгені айтылмаған.
🇰🇵🇷🇺 Бұған дейін Оңтүстік Кореяның JoongAng басылымы құпия дереккөздерге сүйене отырып, қаңтар-ақпан айында Ресейге Солтүстік Кореяның үш мыңға дейін әскері жіберілді деп жазған.
🪖 Дереккөздердің бірінің айтуынша, оған мото-жаяу әскер, саперлер және электронды барлау қызметінің бөлімшелері кірген. Олар былтыр қазанда жіберілген контингентте болмаған дейді дереккөз.
Украина әскерилері мен Оңтүстік Корея барлау қызметінің мәлімдеуінше, Курск облысында Солтүстік Кореяның шамамен 11 мың адамнан тұратын контингенті ірі шығынға ұшырап, төрт мыңға дейін адам қаза тауып я жараланған. Қаңтарда Солтүстік Корея әскері алғы шептен көрінбейді деген ақпарат шыққан еді.
ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq

👍
😮
👎
⚰️
🇵🇼
🇹🇷
🇺🇦
🍆
🐽
💩
21