
Azattyq – Азаттық
February 27, 2025 at 01:02 PM
🔴 Freedom House халықаралық адам құқықтары ұйымының "Құқық үшін күрес" атты жылдық есебіне сүйенсек, 2024 жыл әлемдегі 34 елде еркіндік элементтері жақсарған, ал 60 елде керісінше, нашарлаған.
Осымен кейінгі 19 жылдан бері әлемде еркіндік көрсеткіші төмендеп келеді деп жазады ұйым сарапшылары.
❗️Адам құқықтары жөніндегі ұйымның есебінше, Орталық Азиядағы мемлекеттер "еркін емес" деп бағаланған. Өңірдегі ешбір елде былтыр еркіндік нығаймаған.
Керісінше, Қырғызстан (26 балл) мен Түркіменстанның (1 балл) бір ұпайы кеміген. Ал Қазақстан (23 балл), Өзбекстан (12 балл) және Тәжікстандағы (5 балл) жағдай былтырғымен салыстырғанда өзгеріссіз қалған.
🇰🇿 Freedom House Қазақстанды "бір тұлғаның уысына біріктірілген авторитаризм" деп бағалаған.
❗️Бұл Орталық Азияның барлық еліне қатысты. Қазақстан демократиялық статус санаты бойынша небәрі 5 балл жинаса, Қырғызстан 11 баллмен шектелген. Ал Өзбекстан 3, Тәжікстан 1 және Түркіменстан 0 баллмен рейтингінің ең төменгі жағына түскен.
ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq

👍
😢
🇰🇿
🇵🇼
🇹🇷
👎
😁
😂
🙏
🤡
26