
Azattyq – Азаттық
February 27, 2025 at 02:13 PM
🔴 АҚШ-тың федералдық барлау басқармасы (ФБР) Солтүстік Корея билігімен байланысты хакерлерді ByBit биржасынан құны 1,5 млрд доллар болатын Ethereum криптовалютасын ұрлады деп айыптады.
Арнайы қызметтің алдын ала мәліметінше, оқиға 21 ақпанда болған.
ФБР-дің хабарламасына қарағанда, криптовалюта тарихындағы ең ірі тонауды хакерлер TraderTraitor бағдарламалар пакетінің көмегімен жасаған. Бұл өзін криптовалюта саудасы үшін қажет құрал ретінде көрсететін зиянды қосымшалар сериясы, деп түсіндіреді "Коммерсант" басылымы.
"TraderTraitor мүшелері көзді ашып-жұмғанша әрекет етеді және ұрланған активтердің бір бөлігін Bitcoin және басқа да виртуалды активтерге айналдырып үлгерген. Кейін бұл активтер жылыстатылып, ақыры фиат [дәстүрлі] валютаға айырбасталынады" деді ФБР өкілдері.
Ведомствоның хабарлауынша, TraderTraitor-ді Солтүстік Корея билігі демеушілік жасайтын хакерлер тобы пайдаланады. Киберқауіпсіздік бойынша мамандар оларды Lazarus Group, сонымен бірге APT38, BlueNoroff және Stardust Chollima деп атайды. Хакерлер 2020 жылдан бастап белсенді бола бастаған. Солтүстік Корея билігі Lazarus Group-қа қатысы барын мойындамайды.
ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq
🇰🇿
👍
😂
😮
🇵🇼
🇹🇷
🌹
🖕
🗿
😱
27