Azattyq – Азаттық

Azattyq – Азаттық

97.4K subscribers

Verified Channel
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
February 28, 2025 at 05:53 AM
🔴 *27 ақпанда "Ауыл" партиясы саяси кеңесі төралқасының отырысында мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевты партия төрағасының орынбасары қызметінен босатты* Саяси кеңес мүшелері шешімді бірауыздан қабылдады деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. Жигули Дайрабаев 2023 жылғы сайлауда "Ауыл" партиясынан парламентке өткен. Сол жылы Дайрабаевтың екі ұлы субсидия қаржысын жеке мақсатқа пайдаланғаны үшін сотталған. Бас бостандығынан айыру жазасын Тараз соты шарттыға ауыстырған. 2022 жылы күзде осы партиядан президенттікке кандидат ретінде сайлауға түскен Дайрабаев сайлауалды науқан кезінде жілік шағып, ат тағалағанымен жұрт назарын аударған. Ол президент сайлауында 3,42 пайыз дауыс жинаған. Депутат Дайрабаев 26 ақпанда мәжілістің жалпы отырысында Қазақстанның солтүстік өңіріндегі көше мен елді мекен атауларын сынға алып, оларды мемлекеттік тілдегі атауларға ауыстыру мәселесін көтерген. Бірақ оның сауалы парламенттің төменгі палатасының YouTube-арнасына шықпай қалған. ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq
Image from Azattyq – Азаттық: 🔴 *27 ақпанда "Ауыл" партиясы саяси кеңесі төралқасының отырысында мә...
🤡 👍 😶‍🌫 🇰🇿 🇵🇼 🇹🇷 👎 💀 🖕 😂 16

Comments