
Azattyq – Азаттық
February 28, 2025 at 06:31 AM
🔴 *Ирландия Украинаға Giraffe радарларын бермек*
Украина президенті сайтының хабарлауынша, бұл туралы Ирландия премьер-министрі Михол Мартин бейсенбіде Владимир Зеленскиймен Дублиндегі кездесуде айтқан.
Giraffe – жердегі және теңіздегі әуе қорғанысын бақылайтын және басқаратын жүйелер тобы.
Ирландия премьер-министрінің хабарлауынша, Ресей мен Украина арасында бейбітшілік туралы келісім жасалса, Ирландия Украинаға бітімгер әскерін жіберуге дайын. Бұдан бөлек, Украинаны минадан тазарту коалициясына және украин әскерилерін дайындау бағдарламасына да қатысуға әзір.
📸 Фотода америкалық Patriot әуе қорғаныс жүйелері мен британдық Giraffe AMB радары (Reuters).
ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq

👍
🇰🇿
🇵🇼
🇹🇷
🖕
😭
35