Azattyq – Азаттық

Azattyq – Азаттық

97.4K subscribers

Verified Channel
Azattyq – Азаттық
Azattyq – Азаттық
February 28, 2025 at 08:26 AM
🔴 *Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен кетті* 28 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны өзіне экономикалық мәселелер жөніндегі көмекші етіп тағайындады. Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрлігін 2023 жылғы кыркүйектен бері басқарған. Оған дейін "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы болған. 🚗 Шарлапаев өнеркәсіп министрлігін басқарып тұрған кезде утилизация алымы мәселесі жиі көтерілді. 📁 Былтыр белсенділер жеңіл көліктерге салынатын утилизация алымы мен ауыл шаруашылығы техникасына салынатын жарнаны алып тастау және көліктерді бастапқы тіркеу жарнасын төмендету туралы петицияға қол жинаған. Оған 50 мыңнан астам адам қол қойғаннан кейін құжат мамырда үкімет қарауына берілген. Шілдеде министрлік петиция талаптарын орындаудан ресми түрде бас тартқан. ТЕЛЕГРАМ-АРНАМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: t.me/azattyq
Image from Azattyq – Азаттық: 🔴 *Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен кетті* ...
👍 😡 😂 🖕 🤬 🥱 🇵🇼 🇹🇷 🎉 👊 35

Comments