
Massaget.kz - Жаңалық пен пайдалы ақпараттар
February 8, 2025 at 10:27 AM
*🌙 Демалыс күндері ұйқыны қандыру пайдалы ма? Ғалымдар жауабын тапты!*
Үздіксіз дедлайндар мен жұмыс жүктемесі көпшілікті толыққанды ұйқыдан айырады. Көп адам демалыста ұзақ ұйықтап, оны толтыруға тырысады. Бұл қаншалық дұрыс?
2024 жылғы Еуропалық кардиологиялық конгресте ұсынылған зерттеуге сәйкес, демалыс күндері қосымша ұйқы алу жүрек-қан тамыр ауруларының қаупін 20%-ға төмендетеді!
Қытай ғалымдары 90 000 адамның деректерін зерттеп, 14 жыл бойы олардың ұйқы әдеттерін бақылаған. Акселерометрлер арқылы қатысушылардың ұйқы ұзақтығы тіркеліп, сауалнамалар жүргізілді.
_Нәтижеcінде, демалыста ұйқыны толықтырғандар жүрек ауруларына аз шалдығатыны анықталды._
massaget.kz

❤️
4