
Kaspi.kz
February 10, 2025 at 01:25 PM
Заманауи цифрлық сервистер алаяқтықтан жақсы қорғалған. Ірі компаниялар мен банктер онлайн қызметтердің қауіпсіздік жүйесін үнемі жетілдіріп отырады. Алаяқтар оларды бұза алмайды, сондықтан клиенттерге психологиялық әсер ету әдістерін қолданады: алдау арқылы құпия парольдер мен кодтарды айтуға немесе ақшасын белгісіз шоттарға жіберуге мәжбүрлейді.
Биыл Kaspi.kz компаниясы B.A.S. Production компаниясымен бірге Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің қолдауымен Рүстем Омаровтың және «Алаяқтар» телехикаясындағы басқа да танымал актерлердің қатысуымен оқыту бейнероликтерінің топтамасын шығаруда. Алғашқы роликті Kaspi.kz-тің ресми Youtube арнасынан көруге болады: https://youtu.be/yCL5xRxyZi4
Жаңа бейнематериал екі апта сайын шығып отырады.
Роликтерді еліміздің барлық телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ оларды Kaspi.kz -тің интернеттегі барлық ресми парақшаларынан көруге болады.
Толығырақ: https://bit.ly/4htZLbZ
👍
8