Kaspi.kz WhatsApp Channel

Kaspi.kz

97.9K subscribers

About Kaspi.kz

Лицензия ҚР ҚНРДА/АРРФР РК №1.2.245/61 WhatsApp-тағы Kaspi.kz-тің ресми және жалғыз арнасы. Жазылыңыз! Барлық сұрақтарыңызға жауаптар — Kaspi Гид сервисінде.

Similar Channels

Swipe to see more

Posts

Kaspi.kz
Kaspi.kz
5/31/2025, 6:16:16 AM

Телефон алаяқтары — бұл әбден жатық бизнес, көбінесе колл-орталықтармен және реттелген әлеуметтік инженерия әдістерімен жасалады. Ол алаяқтарға құпия мәліметтерді алуға және өзгелердің ақшасын ұрлауға мүмкіндік береді. Әлдекім сізге телефон соғып, өзін қалай таныстырса да, егер ол SMS-кодты айтқаныңызды, ақшаңызды басқа біреудің шотына аударғаныңызды қаласа — жауап беруге асықпаңыз, бірден тұтқаны қоя салыңыз. Вишингтің басқа мысалдарын бейнематериалдан қараңыз. Сақ болыңыз! Есіңізде болсын: • Картаның деректемелері мен SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз. • Бейтаныс сілтеме бойынша өтпеңіз. • Бейтаныс адамдардың өтінішімен ақша аудармаңыз және төлем жасамаңыз. Толығырақ: https://youtu.be/-4jSDT-cpZk

Post image
👍 😮 🇰🇿 👌 🖕 ❤️ 🍆 😨 🤝 💀 269
Image
Kaspi.kz
Kaspi.kz
5/27/2025, 8:32:28 AM

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Kaspi.kz-тегі Magnum онлайн супермаркетінің логистикалық орталығы үлгісінде цифрлық сауда саласындағы жаңа инфрақұрылымның дамуымен танысты. ШОБ-ты дамытудағы және жаңа жұмыс орындарын ашудағы e-commerce рөліне назар аударылды. Қазақстандық Kaspi.kz инновациялық компаниясының басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе 2025 жылы Kaspi.kz-тегі Magnum онлайн-супермаркетінде 800 мыңнан астам қазақстандық толықтай онлайн және жылдам жеткізу арқылы 5,3 миллион тапсырыс бергенін айтып өтті. Онлайн-супермаркеттің ассортиментінде 10 мыңнан астам тауар бар. Сатылымның 50%-дан астамы – Қазақстанда өндірілген азық-түлік. Жобаға салынған инвестиция 53 миллиард теңгеден асты. 4500 жұмыс орны ашылды. Kaspi.kz-тегі Magnum онлайн-супермаркеті еліміздің бюджетіне 5 миллиард теңге салық аударды. «Онлайн-супермаркетті біз шамамен 3-4 жыл бұрын дамыта бастадық. Бұл Kaspi.kz қосымшасына толықтай енгізілген сервис және жүз пайыз онлайн жұмыс істейді. Азық-түлікті таңдап, 3 сағатта алуға, пікір қалдыруға болады. Осы сервисті пайдаланатын 10 клиенттің 9-ы өте жақсы баға береді. Біз сүйікті клиенттеріміздің пікірлері негізінде сервисті үнемі жақсартып отырамыз. Алматының өзінде бұл сервисті 200 мыңға жуық отбасы пайдаланады және оны жақсы көреді. Біз онлайн-супермаркетімізде сатылымның жартысын Қазақстанда өндірілген тауарлар құрайтынын ерекше мақтан тұтамыз», - деді Михаил Ломтадзе. Бүгінгі таңда Қазақстанда Алматы, Астана және Шымкент қалаларында Kaspi.kz-тегі Magnum-ның алты логистикалық орталығы жұмыс істейді. Жалпы ауданы – 114 000 м2. 2025 жылы Алматы, Астана, Қарағанды және Ақтөбеде тағы төрт орталық ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Михаил Ломтадзе цифрлық қызмет көрсетуге арналған ең заманауи екі дата-орталыққа 14 миллиард теңге инвестиция салынғанын хабарлады. Қуаттылығы 5 МВт 250 баған секундына 10 мың транзакция өткізуге мүмкіндік береді және қазақстандықтарға үздік Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн-сервис ұсынудың негізі болып табылады.

👍 🖕 🇰🇿 ❤️ 😮 😂 🤣 😡 🙏 👎 470
Video
Kaspi.kz
Kaspi.kz
6/5/2025, 12:29:01 PM

Kaspi Магазин үшін көктемгі ролик түсірілген түсірілім алаңының атмосферасына еніңіз. Көпшіліктің көңілінен шыққан «Ирина Кайратовна», қызықты сәттер, күтпеген кадрлар мен тамаша көңіл-күй. Жалпы алғанда, әдетте назардан тыс қалатын және ең қызықты сәттерге толы сахна сыртындағы көрініс.

👍 🇰🇿 😂 🖕 ❤️ 👎 🤔 😎 😮 198
Video
Kaspi.kz
Kaspi.kz
5/31/2025, 7:01:27 PM

Балаларды қорғау күні құтты болсын! Осы күні әр бала дүниенің келбетіне өз арманын қоса түссін деп тілейміз. Балалар салған суреттерге жан бітіп, ғажайып әңгімелер шынға айнала берсін! Ересектерге күшті де дана болсын, жан жылуын жақындарынан аямай, ғажайыпқа сене берсін деп тілейміз.

❤️ 👍 🤲 🙏 🇰🇿 🖕 🫶 🩷 😂 642
Video
Kaspi.kz
Kaspi.kz
5/25/2025, 6:36:55 AM

Ұшақ билеттері мен турларға бронь қою менеджерлерін Kaspi Travel командасына қосылуға шақырамыз. Fast Offer-ге қалай қатысады: • 5 маусымға дейін төмендегі сайтта өтінім толтырыңыз: https://clck.ru/3MEET9 • 12 маусымға дейін сұхбаттан өтіңіз Ең үздік үміткерлер Kaspi.kz-тен оффер алады. Сізді не күтеді: • Қолайлы еңбек жағдайлары • Компания есебінен оқыту • Тегін digital-кітапхана • Жаттығу залы және тағы басқалары.

👍 🇰🇿 💩 ❤️ 🖕 🔞 😮 🇷🇺 😂 310
Video
Kaspi.kz
Kaspi.kz
6/2/2025, 5:13:53 AM

Жазғы туристік маусымның қарсаңында Kaspi Travel Қазақстан бойынша турларды сатып алу үшін жаңа сервисті іске қосты. Бұрын демалысты жоспарлау үшін демалыс базаларының сайттары мен әлеуметтік желілерінен фотосуреттерді, пікірлерді, байланыс деректерін іздеуге тура келетін. Телефон соғу, жазу, бағаны, бос орындардың бар екенін нақтылау керек болатын. Енді Kaspi Travel арқылы «Қазақстан» жаңа сервисінде ең тиімді бағамен демалыс орындарының нұсқаларын тез әрі ыңғайлы таңдап, ақысын тура Kaspi.kz қосымшасында төлеуге болады. Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе: «Біздің талантты командамыз жаңа инновациялық сервисті іске қосты, оның көмегімен сүйікті клиенттеріміз Қазақстан бойынша турларды тез және оңай жоспарлай алады. Тура Kaspi.kz қосымшасында барлық ұсынысты қарай алады, турды таңдап, ақысын төлей алады. Қазақстанның туристік бизнесі үшін – бұл еліміздің әртүрлі өңірінен жаңа клиенттерді тарту, сатылымды арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі. Сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге бізбен бірге болғаны үшін рақмет айтамыз!»  Жаңа сервистің арқасында қазақстандық курорттар мен демалыс базалары үздік Kaspi.kz қосымшасының 15 миллионға жуық пайдаланушысына өз қызметтерін ұсына алады. «Қазақстан» жаңа сервисі туралы толығырақ Kaspi Гидтен оқыңыз: https://l.kaspi.kz/YdZbX726zze

👍 🖕 🇰🇿 💩 ❤️ 🍆 🕋 😢 😂 🫆 374
Video
Kaspi.kz
Kaspi.kz
6/8/2025, 11:11:01 AM

Клиенттермен жұмыс істеу тәжірибесі бар және пайдаланушыларға көмектескісі келетіндердің барлығын Kaspi Магазин командасына қосылуға шақырамыз! Fast Offer-ге қалай қатысуға болады: * 18 маусымға дейін сайттағы өтінімді толтырыңыз: https://clck.ru/3MVTpE * 25 маусымға дейін сұхбаттан және тағылымдамадан өтіңіз. Үздік үміткерлер Kaspi.kz-тен оффер алады. Сізді: * Алматы қаласындағы кеңседе жұмыс * Қолайлы еңбек жағдайы * Жылжымалы 5/2 жұмыс кестесі, толық күн * Компания есебінен оқыту * Тегін-digital кітапхана * Жаттығу залы және тағы басқа күтеді.

👍 🖕 🇰🇿 ❤️ 😂 😮 🤨 😍 👌 161
Video
Kaspi.kz
Kaspi.kz
6/6/2025, 8:51:55 AM

Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Бұл мереке жүрегіңізді мейірім мен шапағатқа бөлеп, туғандарыңызбен кездесу жылы лебізге, жарқын естеліктерге толы болсын. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен бақ-береке тілейміз! Бейбітшілік тілейміз, махаббат пен мейірімге бөленіңіздер!

🤲 ❤️ 🙏 👍 🖕 🇰🇿 🕋 👏 🫆 588
Video
Kaspi.kz
Kaspi.kz
5/26/2025, 9:46:08 AM

Қазақстандық Kaspi.kz технологиялық компаниясы отандастарымыз мақтан тұтатын және бүкіл әлемдегі адамдар тамсанатын әйгілі қазақстандықтар туралы «Қазақстанда жасалған!» жаңа бейнежобасын бастайды. Алғашқы кейіпкер – аралас жекпе-жектен чемпион Шавкат Рахмонов. Шавкат өміріндегі барлық жетістікке өз еңбегімен жетті. 16 жасында отбасына көмектесу үшін жүк тиеуші болып жұмысқа орналасқан. Ол кезде анасы төрт баламен Қарағандыда бір бөлмелі шағын пәтерде тұратын. Жас жігіт спортшы болуды армандайтын және ауыр жұмыс ауысымынан кейін күнде кешке жаттығуға баратын. Бүгінде Шавкат – ең табысты қазақстандық аралас жекпе-жек шебері және UFC -дегі аты аңызға айналған адам. Шавкат Рахмонов, аралас жекпе-жек чемпионы: «Мен үшін Қазақстанның туын көтеру үлкен абырой! Маған күш беретін – отбасым, халқым, отандастарымның қолдауы. Әрине, спорттағы әр жеңісім – үлкен еңбектің нәтижесі. Kaspi-дің көшбасшы болуы да, сондай орасан еңбектің нәтижесі. Kaspi алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылады, адамдар үшін ыңғайлы сервистер жасайды. Ал мен халқымның рухын көтеріп, қазақстандықтарды өз жеңісіммен қуантып келемін. Бізді біріктіретін ортақ мақсаттар көп!» Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі: «Қазақстан – ерекше тарихы бар, таланттарға бай ел. Белгілі спортшылар, музыканттар, компаниялар Қазақстанның даңқын әлемге танытып жүр. Әр адам табысқа жету үшін көп күш-жігер жұмсап, аянбай еңбек етеді, сынақтардан сүрінбей өтіп, алға ұмтылады. Олар нағыз мықты тұлғалар, бірақ оларға бұдан да биік белестерді бағындыру үшін қолдау, махаббат, ынталандырушы күш қажет. Сондықтан біз осындай батырлар туралы көбірек айтуды жөн көрдік. Солардың бірі – Шавкат Рахмонов. «Бұл біздің бірегей спортшымыз, оны бәріміз мақтан тұтамыз және оған алдағы уақытта жеңіс тұғырынан түспеуін тілейміз!» Шавкат Рахмонов – аты әлемге әйгілі атақты спортшы. Қазақстанда ел мақтанышына айналған тұлғалар көп. Kaspi.kz өз жобасының келесі серияларында олар туралы баяндайтын болады.

👍 🇰🇿 🖕 ❤️ 🙏 🍆 🦁 🎀 😂 370
Video
Kaspi.kz
Kaspi.kz
5/23/2025, 7:04:09 PM

Бүгін сағат 15:00-де Алматының Первомай тоғандарында OYU Fest басталады! Сіздер үшін қазақстандық жас әртістер — Yenlik, ALPHA, Kezen, Daiynball, jeltoksan., dudeontheguitar, Shiza, 6ELLUCCI, Orynkhan және аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы өнер көрсетеді. Ал Kaspi.kz аумағында сіздер үшін интерактивтер, мейкап бұрышы, glam-bot робот-камерасы бар видеоаймақ және осы күнді айрықша, ұмытылмастай ететін басқа да көптеген қызықтар дайын. Фестивальде жолығайық! Ал егер билет алып үлгермеген болсаңыз, Kaspi.kz қосымшасына кіріп көріңіз!😉

👍 🖕 🇰🇿 ❤️ 😍 😮 😢 🙏 😂 365
Video
Link copied to clipboard!