
Kaspi.kz
February 11, 2025 at 01:30 PM
Телефон алаяқтары ақшаңызды жымқыру үшін бірнеше актіден тұратын спектакль қоюы мүмкін. Мысалы, мобильді оператор «қызметкерінің» телефон соғуынан басталатын схемалар бар. Ал бұдан әрі қалай өрбитінін бейнематериалдан қараңыз.
Әңгіме барысында қаскүнемдер ойлануға мұрсат бермейді: әрекеттеріңізді ойластырып үлгермеу үшін әдейі асықтырады.
Олардың алдауына түсіп қалмау үшін телефонмен сөйлесуді тоқтатып, есепшоттың немесе SIM-картаның жағдайын нақтылау үшін банкке немесе ұялы байланыс операторына өзіңіз телефон соғыңыз.
Сақ болыңыз!
*Есіңізде болсын:*
- Картаның деректемелері мен SMS кодтарды ешкімге айтпаңыз.
- Бейтаныс сілтеме бойынша өтпеңіз.
- Бейтаныс адамдардың өтінішімен ақша аудармаңыз және төлем жасамаңыз.
👍
❤️
👏
😂
7