Kaspi.kz
Kaspi.kz
February 28, 2025 at 05:36 AM
Биыл Kaspi.kz талантты қазақстандық музыканттар туралы деректі фильмдердің түсірілімін қоса алғанда, OYU музыкалық жобасына тағы да қолдау көрсетеді. Белгілі режиссер және продюсер Айсұлтан Сейітов 2021 жылы негізін қалаған OYU Live музыкалық жобасы бірнеше жылдан бері қазақстандық музыка әлемінде жаңа есімдерді ашып келеді. Жобаның мақсаты - еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды музыканттарға қолдау көрсетуге және олардың дамуына арналған кеңістікті ұйымдастыру. Орындаушылардың көрсеткен өнері кәсіби жазбаға тегін жазылып, OYU Live YouTube-арнасына орналастырылады. Жобаға аты шыққан жұлдыздар да, өнер жолына енді келген әртістер де қатысады, бұл оларға өз тыңдармандарын табуға және осы индустрияның негізгі ойыншыларымен - продюсерлермен, режиссерлермен және музыканттармен танысуға көмектеседі. Толығырақ: https://bit.ly/3QEoYVt
👍 10

Comments