
Qostanai_tany
February 20, 2025 at 09:30 AM
Бүгін құтқарушылар қызметіне Қарасу ауданының Новоселовка ауылында аяғын қайырып алға әйелді медициналық мекемеге жеткізу туралы хабарлама келіп түскен.
“Жолды қар басып қалған. Жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге жол талғамайтын Трэкол көлігін жолға шығаруға тура келді. Осылайша құтқарушылар науқасты орталық ауруханаға жеткізілді”, – деп хабарлайды ТЖД өкілдері.