Qostanai_tany
Qostanai_tany
February 21, 2025 at 05:10 AM
Қостанай мен Түркістан ақындарының командалық айтысы өтеді Жыр додасы 2 наурыз күн сағат 15:00-де Тәуелсіздік көшесі, 85 мекенжайындағы көрермен залында өтеді. Айтысқа қос өңірдің танымал ақындары қатысып, қайым, түре, сүре және қыз бен жігіт айтысы секілді дәстүрлі өнер үлгілерін көрсетеді. Сонымен қатар, жыршы-термешілердің, әншілер мен күйшілердің де өнерін тамашалауға болады. Қазылар алқасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жүрсін Ерман төрағалық етеді. Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы, Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы ұйымдастырып отыр. Айтысты тегін тамашалай аласыздар. Келіңіздер, жерлестеріңізге қолдау білдіріңіздер!

Comments