
Qostanai_tany
February 21, 2025 at 08:59 AM
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше қазір Қазақстанда санаторлық-курорттық қызметпен айналысатын 333 ұйым жұмыс істейді.
Емдеу және медициналық оңалту ұйымдарының ең көп саны Түркістан облысында орналасқан – 117 ұйым, екінші орында Алматы қаласы – 34 ұйым, үшінші орында Алматы облысы – 22 ұйым.
Барлық емдік-сауықтыру ұйымдарының 287 – шағын кәсіпорындар, 38 – орта кәсіпорындар, 8 – ірі кәсіпорындар.
Меншік түрлері бойынша 86,5% немесе 288 ұйым жеке меншікке, 44 ұйым (13,2%) мемлекеттік меншікке, 1 ұйым шетелдік меншікке жатады.