
Qostanai_tany
February 26, 2025 at 11:20 AM
Елімізде жол сапасын жақсарту тұрғысында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы жылдары жол құрылысында бірқатар нормативтік талаптарға өзгерістер енгізіліп, оларды жүзеге асыру басты міндетке айналды. Осыған байланысты «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мен Қостанай облысы әкімдігі бірлесіп, сала мамандарына арналған семинар-кеңес ұйымдастырды.
Өңірде өткен жұмыс кеңесіне мемлекеттік кәсіпорынның сапаны бақылау департаментінің директоры Төлеуханов Қуаныш және Ұлттық орталықтың орталық аппаратының сарапшы мамандары қатысты. Кездесудің модераторы ретінде облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Есенжолов Алмаз болды. Сонымен қатар семинарға қалалық және аудандық әкімдіктердің бөлім басшылары, ауылдық округтердің жауапты мамандары қатысты.