Qostanai_tany
Qostanai_tany
February 28, 2025 at 04:33 AM
Қамысты ауданындағы 17 елді мекеннің 14-інде интернет қолжетімді. Өткен жылы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Аралкөл, Орқаш, Дружба ауылдарында антенна-діңгек құрылғылары орнатыла бастады. Бүгінде Орқаш ауылы интернетке қосылды, ал Дружба ауылында желіні іске қосу 2025 жылдың мамырына жоспарланған. Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Сейдалиннің айтуынша, Аралкөл ауылындағы құрылыс кезең-кезеңімен жүзеге асып, 2025 жылы толық аяқталады. Қазіргі таңда аудан бойынша интернетпен қамту деңгейі 76%-ға жетті. Орқаш ауылында интернет тұрақты жұмыс істеп тұр, тұрғындар да оң бағасын беруде. Ал Дружба ауылында әзірге мектеп пен әкімдікке интернет тартылған, толық қосылуы мамыр айына жоспарланған. Айта кетейік, 2023 жылы Қостанай облысында 161 ауылды 4G интернетімен қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойылып, биыл 50 ауылда антенна-діңгек құрылғылары орнатылуда. Бұл жобаға 1 млрд теңге инвестиция құйылған. Жоспарға сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін облыстың барлық ауылдары 4G желісімен қамтылмақ.

Comments